Қазақстанның ІТ-саласында 2022 жыл несімен есте қалды?

Digital Business | Қазақстанның ІТ-саласында  2022 жыл несімен есте қалды? О редакции Digital Business | Қазақстанның ІТ-саласында  2022 жыл несімен есте қалды? Единый QR в Казахстане: разговор о подводных камнях
Дата публикации: 29.12.2022, 14:28
ИТ-итоги 2022 года в Казахстане

2022 жыл Қазақстан ІТ-саласының тарихындағы елеулі оқиғаға толы жыл болды десек артық емес шығар. Десе де, сын-қатерлері де елемеуге болмайды. Digital Business редакциясы өтіп бара жатқан жылда ІТ нарығына өзгеріс әкелген оқиғалардың ондығына шолу жасап көрді.

1. Президент Тоқаев АҚШ-тың үздік бизнесмендерімен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Digital Nomads қауымдастығының өкілдерімен кездесуі.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Digital Nomads қауымдастығының өкілдерімен кездесуі. Фото — akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айындағы Нью-Йоркке сапары барысында қазақстандық Digital Nomads ІТ мамандарының қауымдастығы өкілдерімен, атап айтқанда Microsoft, Coursera және EPAM компанияларының басшылығымен кездесті. Кездесуде Қазақстандағы ІТ саласын дамыту мен білім беру перспективалары, сондай-ақ технологиялық алпауыттар біздің елде жүзеге асыра алатын ІТ-бағыттарды талқылады.

Әрине, кездесуде нақты жобалар туралы сөз болмаса да, ірі ІТ-бизнес өкілдері Қазақстанда ІТ саласы жоғарғы деңгейде қолдауға ие болады деген месседжді естіді. Дәлірек айтқанда, президент біздің елде ІТ компаниялар үшін салық және құқықтық мәселелер бойынша жақсы жағдай жасалатынын атап өтті.

2. Елімізге бизнес және айтишілердің қоныс аударуы

Қазақстандық кәсіпкерлер мен ресейлік релоканттардың SmartPoint-та өткен кездесуі.

Қазақстандық кәсіпкерлер мен ресейлік релоканттардың SmartPoint-та өткен кездесуі. Фото — Digital Business

Украинада соғыс басталғаннан кейін digital-мигранттар Қазақстанға көшіп келе бастады. Санкцияға және басқа себептерге байланысты Ресейде жұмыс істегісі келмейтін компаниялар да, жеке мамандар да бізге қарай ағылуда. Цифрландыру министрлігінің дерегінше, биыл Қазақстанға 100-ден астам шетелдік компания қоныс аударған. Ал жеке релоканттардың санын есептеу қиын.

Релоканттардың қалың нөпірі қазақстандық салаға қалай әсер ететініне қатысты ІТ-қауымдастықтың пікірі екіге жарылды. Бір топтың пікірінше, қазақстандық ІТ-бизнес өз нарығындағы кадр үшін бәсекелестікке төтеп бере алмауы мүмкін. Екінші топ оң баға беруде. Яғни, олардың айтуынша, халықаралық ІТ-бизнес құру тәжірибесі бар жаңа ойыншылардың келуі және халықаралық компаниялардың біздің нарықта жұмыс істеуі — тұтастай алғанда елдің дамуына серпіліс береді.

Біздің редакцияның пікірінше, бәсекелестік бастапқыда қиын болуы мүмкін. Бірақ нарықтың дамуына жағымды әсер етеді. Қазақстанға қоныс аударған компаниялар мен мамандар елге жақсы сараптама да әкелетінін ұмытпаған жөн.

3. Astana Hub ІТ-саласына серпін беруде

Digital Bridge-2022

Digital Bridge-2022. Фото — Astana Hub

Бұл жыл технопарктің пайдалы бастамаларына толы жыл болды. Соның маңызды бірнешеуіне тоқталсақ, Google for Startups-пен бірлескен Silkway Accelerator бағдарламасы аясында екі топ білім алып шықты. Еліміздің басты ІТ-шарасы атанған Digital Bridge форумы өңірлік Web Summit-ке айналды, экспортқа бағытталған Scalerator акселераторы мен GameDev Center ашылды. Сондай-ақ, жүздеген дәрістер, семинарлар, вебинарлар мен кездесулер өтті.

Бұл бастамалар қазақстандық ІТ-кәсіпкерлер мен ІТ-мамандарға халықаралық сараптамаға қол жеткізуге ықпал етіп, саладағы сапалы өзгерістерді жылдамдатады.

4. Tech Orda күшейіп келеді

Tech Orda

Фото — baq.kz

Astana Hub Цифрландару министрлігінің қолдауының арқасында іске қосқан ІТ-мамандарды оқытуды қаржыландыру бағдарламасы — Tech Orda жобасы қарқын алып келе жатыр. Егер былтыр 100 ғана ваучер берілсе, биыл ваучер саны 3 мыңға жетті. Ал, ваучерді үлестіруге 50 мектеп қатысатын болды.

Десе де, ІТ-мамандарды даярлау саласындағы барлық проблема бір бағдарламамен шешілмейтіні анық. Бірақ ол ІТ білім беру бойынша жекеменшік нарықтың дамуына серпіліс берді. Бастысы, білім беру ауқымын кеңейтіп, жылдам өрлеп келе жатқан ІТ саласындағы кадр тапшылығын шешуге мықты бастама болды.

5. Криптобиржаларды дамытуға жағдай жасау, Binance-тың келуі

Багдат Мусин и Чанпэн Чжао

Фото — dknews.kz.

FTX биржасының құлдырауы криптовалюта және криптобиржа деген тақырыптың қызығын кетірген секілді. Дегенмен, 2022 жылы Қазақстанның билігі бұл саланың дамуына мүдделі екенін көрсетті. Бірақ бей-берекет емес, өркениетті және басқаруға болатын жүйе құруға тырысып жатыр. Мысалы, криптобиржаларға қазақстандық банктерден есепшот ашуға рұқсат берілді. АХҚО-да биткоин-биржа және банктердің қатысуымен пилоттық жоба жасап жатыр. Ұлттық банк цифрлы теңгені іске қосумен айналысуда. Бас банк 2025 жылдың соңына дейін Қазақстанның өз цифрлы валютасы пайда болады деген уәде берді.

Биыл Қазақстанға Binance криптовалюта биржасының негізін қалаушы және бас директоры Чанпэн Чжао келіп, президент Тоқаевпен кездесті. Ал, криптобиржа қазан айында Қазақстанда жұмыс істеуге ресми рұқсат алды.

6. Майнинг реттелді

майнинг

Фото — spot.uz

Ал, Қазақстандағы бей-берекет және жүгенсіз кеткен майнингтің дәуірі аяқталған секілді. Биыл жыл бойы майнингтің жұмысын реттейтін құқықтық алаң құруға қатысты құжаттар әзірленді. Соңғысы — Қазақстандағы цифрлы майнингті реттейтін заң жобасын депутаттар желтоқсанда мақұлдады. Құжатта электр энергиясын сатып алудан бастап, салық және лицензиялау туралы бәрі бастан-аяқ жазылған.

7. Prime Source пен америкалық компанияның M&А мәмілесі

Евгений Щербинин

Евгений Щербинин, CEO Prime Source. Фото — Informburo.kz

Prime Source атты ірі қазақстандық әзірлеушілінің жобасын америкалық FatBrain AI деген брендпен танымал LZG International, Inc. компаниясы сатып алды. Алайда, бұл Қазақстандағы ІТ-нарыққа аса әсер ете қоймады. Бірақ мәміленің өзі шетелдік инвесторларға жақсы белгі болған секілді. Яғни, «Қазақстанға қараңдар, мұнда ІТ нарыққа инвестиция құюға болады» деген ой салды. Мұндай мысалдар біздің нарыққа жақсы ықпал етеді.

8. Өңірлердегі ІТ-өмірдің жандануы

в ИТ-хабе «Терриконовая Долина» прошел Демо-день

Фото — terricon.kz

Егер бұрын ІТ-саланың даму орталығы тек Алматы мен Астана болса, биылдан бастап өңірлердің де жандана бастағаны байқалады. Қарағандыдағы «Террикон алқабында» көптеген ІТ-шара өтті. Оның бірнешеуіне Қазақстанның түкпір-түкпірінен қатысушылар келді. Ал, Шымкентте жергілікті ІТ-кәсіпкерлер Digital Road атты қауымдастық құрды. Ол тек Шымкенттің ғана емес, оңтүстік өңірлердің: Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облысының мамандарының басын қоспақ. Сондайқ-ақ, ІТ-қауымдастық құру туралы шешімін Павлодар облысы да мәлімдеді.

Бұл ІТ-бизнеске, стартапқа, цифрлы мамандықтарға деген қызығушылықтың өсіп келе жатқанының жарқын дәлелі. Әрине, әр өңірдегі жылдамдық әр түрлі. Десе де, бастаманың бар екені қуантады.

9. Цифровизация мамандарының мерекесі

День работников цифровизации и информационных технологий

Сурет — Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Биылдан бастап 10 қарашада Қазақстанда Цифровизация және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Жаңа мерекенің пайда болуы – Цифрландыру, инновациялар және аэроғарыш өндірісі министрлігінің бастамасы.

Иә, бұл күн символдық мереке ғана болғанымен, ІТ-мамандық пен ІТ-саланың мемлекеттік деңгейде мойындалуын мен маңыздылығын көрсетті.

10. Digital Business ашылды :)

«Hello, World: Қазақстанда IT не болып жатыр» фильмінің мұқабасы

«Hello, World: Қазақстанда IT не болып жатыр» фильмінің мұқабасы

Біз өзіміз туралы да айтайық деп шештік. Себебі, медиа-нарықта ІТ туралы айтатын және контент жасайтын алаңның пайда болғанын астын сызып атап өткіміз келді. Сондай-ақ, мұндай форматтың көбейі бастағаны байқалады. Біздің ойымызша, бұл өте жақсы. Себебі, медиа пайдалы тәжірибені насихаттап, табыс тарихын айтып, терең сараптамаларды көпшілікке жеткізуге ықпал ете алады. Сонымен бірге, білім беру секілді, ІТ туралы медиа-жобалар да саланың дамуына жағымды әсер етеді.

Биыл «Hello, World: Қазақстандағы ІТ-де не болып жатыр» атты көлем фильм жарыққа шықты. MOST Ventures-тегі әріптестер стартаптарға арналған керемет подкасттар жасады. Сондай-ақ, Freedom Finance-тың бастамасы — #FreedomTalks подкаст-шоуын және де Серік Әкішев пен Марат Ижановтың «Бизнес Номад» атты авторлық жобасын ерекше атап өтуге болады. Иә, медиа-сферадағы біздің әріптестер биыл белсенді болды – еске түсіріп көріңіздерші, Қазақстандағы ІТ туралы осыдан бірнеше жыл бұрын не оқып/ көретін едіңіздер және қазір не көріп/оқып жүрсіздер? Міне, осы беттен таймайық! ІТ-контент даярлауда өз биігімізден түспей, мықты медиа өнімдер жасауды жалғастырайық!

Ал, 2023 жылы не болады?

Біз ертең жақын болашаққа көз жүгіртіп көрмекпіз: 2023 жылы Қазақстандағы ІТ қалай дамиды деген сұраққа қатысты редакция көзқарасын жариялаймыз. Жіберіп алмау үшін біздің Telegram-арнамызға қосылыңыз!

Magic Ball
Ал, 2023 жылы не болады?

Біз ертең жақын болашаққа көз жүгіртіп көрмекпіз: 2023 жылы Қазақстандағы ІТ қалай дамиды деген сұраққа қатысты редакция көзқарасын жариялаймыз. Жіберіп алмау үшін біздің Telegram-арнамызға қосылыңыз!

Magic Ball