Browsing category

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДАҒЫ 100 СТАРТАП

Ісін гаражда бастап, қазір АҚШ нарығына шығуды армандайды. Қазақстандықтар сәлемдеме жеткізуді ыңғайлы етудің амалып ойлап тапты

Tastamat – бұл автоматтандырылған жанасусыз сәлемдеме жеткізу қызметі. Ақылды терминалдар қазір Қазақстан мен Қырғызстанның 13 қаласында бар.

«Бәріне Тоқаев бізге инвестиция салды деп айтып жүрміз». Қазақстандықтар ағылшын тілінде сөйлеуге көмектесетін стартап ойлап тапты

2021 жылы көкшетаулық Бота Мұса мен сарыағаштық Ерасыл Оспанов BilimBer стартапын іске қосты. Бұл бірден үш пән: математика, биология және Қазақстан тарихынан ҰБТ сынақтарын тапсыру платформасы. Көп ұзамай пәндер қатары кеңейіп, қосымша функциялар пайда болды: пікір қалдыру мүмкіндігі, жылдам шпаргалка іздеу, танымал Kahoot оқу платформасының стиліндегі зияткерлік турнир қосылды. Үшінші айға жақындағанда мобильді қосымша Play […]

Канадаға кетіп, Google компаниясы қолдаған стартапты іске қосты. Жезқазғандық Әсел Беглинованың хикаясы

Әсел Беглинова бала кезінен ағылшын тілінде білім алғысы келді. Назарбаев университетіне түспек болды, бірақ емтихан тапсыра алмай құлады. Содан кейін Flex студенттер алмасу бағдарламасы бойынша АҚШ-қа кетуге талаптанып көрді, ол да сәтсіз болды. Ақырында Торонтодағы Seneca College оқу орнына түсті. Қаржыгер мамандығын алған бойжеткен бірнеше жыл канадалық жетекші банктерде жұмыс істеді, сосын украиналық Вадим Лидичпен […]

«Бизнестің кірісін шамамен 27%-ға өсіре аламыз». Қазақстандық стартап Flowsell.me ескі клиенттерді қайтарудың тиімді жолын ойлап тапты

Коронавирус індеті кезінде отбасылық бизнесті сақтап қалу үшін Астана тұрғыны Дәурен Макенов Flowsell.me платформасын құрды. Бастапқыда ол Дәуреннің әйеліне тиесілі бірнеше сұлулық салонның жұмыс кестесі туралы WhatsApp-хабарлама таратумен айналысты. Кейін келе кәсіпкер жүйенің қызметін кеңейтіп, тұтынушыларды оңай және тез қайтарудың амалдарын қосты. Клиент ұстап қалу қызметін қалай жетілдіруге болады? Flowsell.me түрлі саладағы бизнеске қандай экономикалық […]

Бір шаршы метр сатып алып, дивиденд алу. Қазақстандық стартап жылжымайтын мүліктен ақша табуды ойлап тапты

Proportunity негізін қалаушы Арман Баев бизнес-үлгісі, қазақстандықтардың тәуекелге баруға дайындығы және платформаны ислам банкіне айналдыру жоспары туралы айтты.

Олардың арманындағы стартап. Қазақстандық екі бойжеткен басшыларға арналған күнделікті қайталанатын жұмысты істейтін ЖИ-көмекшіні жасап жатыр

Мектеп бітірген соң Аружан Меде Барселонада қаржыгер мамандығын оқыған және Hilton of Spain қонақ үйлер желісінде 3,5 жыл жұмыс істеген. Алайда коронавирус пандемиясы кесірінен Қазақстанға оралды. Өз елінде BTS Education компаниясына жұмысқа тұрды. Шамамен сол уақытта ұжымға Малайзияда оқыған, туризм саласында 3 жыл тәжірибесі бар Динара Халитова қосылды. IT-саласында өздерін сынап көрген екі қыз 2022 […]

Өз әнімізді тыңдаймыз! SAZALEM стартапы онлайн-платформа құрып, онда қазақстандық барлық музыканы жинап жатыр

«Басты мақсатымыз – Қазақстанның цифрлық мәдени игілігіне айналу», — дейді SAZALEM CEO-сы Нуми Мұсалиева. Оның командасы 2023 жылдың қаңтарынан бері қазақстандық орындаушылардың заманауи және классикалық музыкасы жиналған мобильді платформаны дамытып жатыр. Жобаның деректер қорында қазір 20 мыңнан астам әуен бар, ал қосымша миллион рет жүктелген. Жоба не үшін керек және SAZALEM әрі қарай қалай дамиды? […]

«Пернетақтаның көмегімен адамның моральды-психологиялық жағдайын біле аламыз». Алматылық қыз-жігіттер жұмыстағы күйзелістен құтқаратын сервис ойлап тапты

«Toyota компаниясында жұмыс істеген кезде досым екеуміз алаяқтардың жолын кестік, олар көлік шамдарын ұрлап, соның кесірінен Ресейде автокөлік жинау құны 20%-ға көтерілген. Содан кейін қызметте өстік. Алайда, көп ұзамай досым өз-өзіне қол салды… Сараптама оның кәсіби тұрғыдан шаршағанын көрсетті. Жүктелген жұмыс пен қысымды көтере алмаған. Ол 3 ай бойы дұрыс тамақ ішпеді, ұйықтамады. Қайғылы оқиға […]

«Ата-аналардың қажеттіліктерін қанағаттандырғымыз келеді» Жезқазғандық жас ана балалар орталығы, үйірмелер мен секцияларға арналған бірыңғай абонемент жасап шығарды

Мектептен кейін Лаура Ералиева логист мамандығын оқу үшін Шанхайға жол тартты, онда 6 жыл оқыды. Алайда ол мамандығы бойынша жұмыс істеуді қаламады. Қазақстанға оралған соң, Choco компаниясына серіктестермен жұмыс жөніндегі менеджер қызметіне орналасты. Бір жыл ішінде Рахмет жобасында бөлім жетекшілігіне дейін өсті. Әрі қарай күйеуінің жұмысы Қарағандыға ауысып, Choco-дан кетуге тура келді. Көп ұзамай ерлі-зайыптылар […]

«Елде миллиондаған адам айлықтан айлыққа өмір сүріп жатыр, жинағы жоқ». Қазақстандық тұрғын қызметкерлерге авансты кез келген уақытта алуға мүмкіндік беретін сервисті іске қосты

Бейбіт Жантурин былтырға дейін табысты қаржыгер еді. Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (КИМЭП) бітірген соң, ол білімін британдық University of Exeter оқу орнында жалғастырып, қаржы және инвестиция магистрі дәрежесін алды. Кейін түрлі банктер мен BV Management (Qazaqstan Investment Corporation еншілес ұйымы) қызметі болды. Еншілес ұйымның басқаруында көлемі $150 млн екі қор болды, ал Бейбіт […]

Бүкіл әлем ойнайтын мобильді ойын шығару үшін қазақстандық тұрғын екі бизнесін сатты. iDosGames тарихы

Айдос Рыскелдинов – қазақстандық бизнесмен. Таксопарк пен вендинг кофе аппараттары желісіне иелік еткен. Айдос бір сәтте екі табысты бизнесті сатып, бар ақшаны iDosGames геймдев студиясына салды. Олардың мобильді ойындары ортақ экожүйеге біріктірілген, токені мен үлкен NFT-маркетплейсі бар. Тек 2022 жылы компания криптовалюта сатудан $450 мың табыс тапты. Компания қазір қалай дамып жатқаны туралы Айдостың Digital […]

«Адамдарға салауатты қартаю мүмкіндігін бергіміз келеді». Қазақстандықтар деменцияны ерте сатыда анықтауға көмектесетін цифрлық тест әзірлеп шығарды.

Біріккен жобасы үшін Юсуп оны MedTech-ке не жетелеп әкелгенін, Алматы облысындағы ауруханада не үшін жарты жыл жатқанын және виртуал клиниканың тұжырымдамасын қалай жүзеге асырып жүргенін айтты.