Browsing category

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДАҒЫ 100 СТАРТАП

Алматылық жігіттер рекрутерлердің күнделікті қайтаналатын жұмысын орындайтын стартапты іске қосты. Ол қалай жұмыс істейді

Әкежан Омаров небәрі 21 жаста. Соған қарамастан, бизнесте жүргеніне көп болды. Жігіт 10-сыныпта маркетинг агенттігіне жұмысқа тұрды. Кейін Оскар Хартманн, Нұрлан Смағұлов, Евгений Черняк және басқа да танымал кәсіпкерлер қатысқан «За Рамки» антимотивациялық форум ұйымдастырды. Сонымен қатар, достарымен бірге аз уақыттың ішінде 13 мың ақылы қолданушы жинай алған білім беру курстары бар мобильді қосымша жасады, […]

“Жаман” машина сатып алып, ұрынып қалмау үшін не істеу керек? Автокөлік таңдап беретін қазақстандық стартап-компания бас директорының жауабы

CheckAuto стартапы автокөлікті сатып алмастан бұрын оның шын тарихын білуге болатын құрал ойлап тапты.

Бизнеске аз ақша жұмсап, көбірек табуға көмектеседі. Relog стартапы логистика туралы ойды қалай өзгертіп жатыр

«Жеткізу қызметін оңтайландырудан қара белбеуім бар», – Relog стартапының негізін қалаушы және бас директоры Бауыржан Рүстемов өзі туралы осылай дейді. Тасымалды автоматтандыру жобасы бизнеске тауар жеткізу уақытын қысқартып, көлік шығынын үнемдеуге көмектеседі. Стартап қазірдің өзінде $20 млн-ға бағаланып, Тимур Турлов пен Марғұлан Сейсенбайдан инвестиция тартты. Relog жұмыс істейтін компанияның қоржыны қомақты: Coca-Cola, Sulpak, Metro, Johnson […]

«Бұл ойынды кептелісте тұрғанда, тойда, жалпы барлық жерде ойнайды». Қазақстандық азамат халық арасында хитке айналған Aqyl Battle ойынын қалай құрды

Қазақша зияткерлік ойыннан бұрын Айболат Құлатай серіктесімен бірге мобильді қосымша әзірлейтін аутсорс-компанияның жұмысын жүргізді. Ал Қаңтар оқиғасынан кейін кофаундер стартаппен айналысамын деп шешті. Оның жұмысы жоспарланғандай бір ай емес, жарты жылға созылғанына қарамастан, ойын жарыққа шыққаннан-ақ табыс әкеле бастады. Digital Business-тің Astana Hub-пен бірлескен «Қазақстандағы 100 стартап» жобасы аясында берген сұхбатында Айболат Құлатай қолданушылар неге […]

Cleek стартапы жалдамалы жұмысшылардың жұмыс іздеуін жеңілдетіп, енді қазақстандықтарды Еуропа мен АҚШ-қа жібергісі келеді

Cleek – бұл жалдамалы қызметкерлерге арналған жұмыс іздеу сервисі. Стартап Қазақстанда 2022 жылдан бері жұмыс істейді және қазірдің өзінде 170 мыңнан астам үміткер мен 2,5 мыңнан астам жұмыс берушіні бір-бірімен байланыстырды. Алдағы уақытта жоба жаңа бағытты қолға алып, азаматтарымыздың шетелде жұмысқа орналасуын ашық әрі қауіпсіз етуді көздеп отыр. Команда өнімді іске қосқан кезде қандай қиындықтарға […]

Сіздің де балаңыз сағаттап смартфон көріп отыра ма? Қазақстанда балалардың гаджетке тәуелділігін жеңетін стартап ойлап шығарылды

Ерлі-зайыпты Бағлан Аязбаев пен Лана Диқаншиева екі жылдан бері Smart Zebra (бұрынғы OILA) балаларға арналған білім беру қосымшасымен айналысып жатыр.

«3 адам бір жыл бойы істейтін жұмысты робот бір айда орындап шықты». Қазақстандық стартап күнделікті бизнес-тапсырмаларды автоматтандырады

Python RPA — күнделікті бизнес-тапсырмаларды автоматтандыруға арналған платформаның Орталық Азиядағы жалғыз өндірушісі. Компания BI Group, Отбасы банк, Air Astana және RG Brands үшін робот-көмекшілерді әзірлейді. Олар қайталанатын бухгалтерлік есеп пен HR тапсырмаларын дәл, уақытында және аптасына жеті күн демалыссыз орындауға көмектеседі. Осылайша бизнес тәуекелді азайтады. Робот шаршамайды және қателеспейді, яғни компанияға тіркелмеген келісімшарт немесе төленбеген […]

«Пәтер алу үшін жинаған 8 млн теңгені салдым». Алматы тұрғыны IT-стартапқа бола табысты бизнестен бас тартты

Аблай Юсупов Almaty Management University-де маркетолог мамандығын оқып жүрген кезінен кәсіпкерлікпен айналыса бастады. Әуелі достарымен бірге Queex вайн-жобасын (күлкілі қысқа видеолар түсірді) жүргізді, одан кейін тіл үйрету орталығын дамытумен айналысты. Ал университет бітірген соң маркетинг, менеджмент және SMM үйрететін Upgrade School мектебін ашты. Уақыт өте келе оны бірнеше рет өзгертіп, IT-стартапқа, яғни пайдаланушылар түрлі саладағы […]

«Жобаға 70 миллион теңге салдым». Алматылық азамат психолог таңдауға көмектесетін стартап құрды

Колледжді бітірген соң, Алан Ибраим «Маркетинг» мамандығы бойынша университетке түсті. Рас, оқуын аяқтай алмады. Кенеттен әкесі дүние салып, үй шаруасындағы анасы мен екі қарындасына қамқор болу үшін жұмысқа кірді. 18 жасында Sakura Motors компаниясында маркетологтың көмекшісі болды. Аланның маркетинг саласындағы мансабы осылай басталып, ол 22 жылдан бері осы іспен айналысып келеді. Осы уақыттың ішінде ер […]

Кез келген қазақстандық азамат кітаптың кейіпкері бола алады. Кітапты жасанды интеллект жазады

Жігіттер жасанды интеллектің көмегімен қағаз кітап басып шығару идеясын ойлап тапты, онда кез келген адам оқиғаның басты кейіпкері бола алады!

Қазақстандықтар АҚШ-та чат-ботты іске қосып, AI-ді қолданатын ең табысты 10 қосымшаның қатарына енді. Олар бұған қалай қол жеткізді?

GoatChat.ai әдеттегі стартап емес. Ол көзге көрінетін мәселені шешпейді, бірақ алғашқы айдан-ақ әртүрлі елде App Store-дан ең көп жүктелген қосымшалардың қатарында болып, табыс әкеле бастады. GoatChat қосымшасы Chat GPT-ге ұқсас үлкен тілдік модельдер (LLM) негізінде жұмыс істейді. Бұл цифрлық көшірме, сурет, әңгіме және т.б. шығаруға мүмкіндік береді. АҚШ-та компания ашпастан бұрын стартаптың негізін қалаушылар IT-аутсорста […]

Бұл стартап Қазақстандағы темір жол жүк тасымалының 95%-ын цифрландырған сервис құрды. Networks Energy хикаясы

Отандық Networks Energy стартапы Қазақстандағы темір жол жүк тасымалын түгелдей дерлік цифрландырған сервис құрды. Осы шешімнің арқасында компаниялар А нүктесінен Б нүктесіне тауар жөнелту үшін сұралатын бір бума құжат жинау машақатынан арылды. Деректерді жүйеге енгізсе жеткілікті, ол керек жол-тауар құжаттарын дайындап, тасымал құнын есептеп береді. Сервис қалай жұмыс істейді және жүк тасымалы нарығының тағы қандай […]