2023 жылы Қазақстанның ІТ-нарығын не күтіп тұр?

Digital Business | 2023 жылы Қазақстанның ІТ-нарығын не күтіп тұр? О редакции Digital Business | 2023 жылы Қазақстанның ІТ-нарығын не күтіп тұр? Единый QR в Казахстане: разговор о подводных камнях
Дата публикации: 30.12.2022, 12:00
Прогноз на 2023 год

Біз, Digital Business редакциясы, қазіргі жағдайда қандай да бір болжам жасаудың қандай қиын екенін түсінеміз. Дейтұрғанмен, 2023 жылы ІТ нарық үшін өзекті болатын бірнеше үрдісті атап көруге бел будық.

Astana Hub резиденттерінің табысы өсіп, ІТ-экспорттың көлемі артады

Digital Business | 2023 жылы Қазақстанның ІТ-нарығын не күтіп тұр?

Суреттер Midjourney нейрожелісі арқылы жасалды

2022 жылы технопаркке ірі халықаралық бизнестер — EPAM, inDrive және т.б. кірді. Алғашқы жылы олардың жұмысы Astana Hub-тың жалпы көрсеткіштеріне және экспорттың көлеміне (мысалы, жаһандық EPAM-ның негізгі нарықтары — Солтүстік Америка мен Еуропа) оң әсер етеді. Сондай-ақ, паркте күн сайын жаңа резиденттер мен халықаралық компаниялардың бөлімшелері тіркеліп жатыр. Мысалы, 15 желтоқсанда Astana Hub резиденті атты мәртебеге Ozon Holdings (нарықтық капитализациясы бүгінгі таңда 2 2,4 млрд болатын «юникорн») құрамына кіретін «ОЗОН Рокет Казахстан» ЖШС-і ие болды. Сәл ертерек технопарк резиденттерінің қатарына «Акселболт Қазақстан» геймстудиясы (Axlebolt – Қазан қаласынан келген мобильді ойындардың халықаралық әзірлеушісі) қосылды.

Технопаркте салық режимінің ыңғайлы екенін, Батыс санкцияларының жоқтығын, Еуропа елдермен салыстырғанда Қазақстанда өмір сүру құнының төмендігін ескерсек, келер жылы да Astana Hub-қа танымал ІТ-брендтердің ағылуы жалғасуы мүмкін. Сондай-ақ, қазақстандық бизнес те өсіп келе жатыр: кейбір жергілікті компаниялар келесі жылы жүз пайызға дейін өсуді жоспарлап отыр. Бұл компаниялардың тапсырыстар портфолиосына қарап, меженің орындаларына сенуге болатын секілді.

Кадр үшін бәсекелестік күшейе түседі, жалақы өсе береді

Digital Business | 2023 жылы Қазақстанның ІТ-нарығын не күтіп тұр?

Суреттер Midjourney нейрожелісі арқылы жасалды

Батыс нарықтарына бағдарланған халықаралық ІТ-компаниялар өздерінің қазақстандық кеңселерінде әзірлеушілерге жоғары жалақы ұсынуға дайын. Олар қазірдің өзінде банктер мен телеком-компаниялардың ІТ бөлімдерімен кадр үшін қатты бәсекелеседі. Яғни, жергілікті бизнеспен кадр үшін күрес жүріп жатыр.
2022 жылы маман үшін бәсекелестіктің өсуі саладағы жалақыны көтерді. Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, «компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа да ілеспе қызметтер» саласындағы орташа жалақы 2022 жылдың III тоқсанында 558 717 теңге деңгейіне жеткен. Бірақ бұл шарықтау шегі емес.

Салыстыру үшін ІТ секторы бұрыннан бері дамыған Беларусьтегі көрсеткіштерді мысалға келтірейік. Белорусьте (жоғары технологиялар паркі 2005 жылы құрылған) » Ақпараттық технологиялар және ақпараттық қызмет көрсету қызметі» саласындағы орташа жалақы 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында 2 464 долларды құрады (Белорусьтің Ұлттық статистика деректері бойынша Ұлттық Банкінің орташа ресми бағамы ескерілді). Бұл Қазақстаннан екі есе жоғары.

Мұнда Беларусьте ішкі нарық кіші болғандықтан компаниялардың көпшілігі экспортқа жұмыс істеуге ұмтылатындығын ескерген жөн. Олар негізінен Солтүстік Америка мен Батыс Еуропаның төлем қабілеті жоғары нарықтарына бағытталған. Қазақстанда мұндай компаниялар да көбейетін болады. Бұл, ең алдымен, жергілікті нарыққа жұмыс істеп жатқан ІТ-бизнес үшін салмақты сын-тегеурін. Талантты қызметкерлерді жалақымен ұстап қалу оларға қиындай түседі. Таланттарды тарту және сақтап қалу үшін жақсырақ ойланып, тиімді құралдарды қолдану қажет. Мысалы, күшті корпоративті мәдениет, қоғам үшін нақты пайдасы бар қызық жобалар, мықты қызметкерлерге арналған опциондық бағдарламалар, компанияда оқыту мен мансаптық өсу жүйесін ойластыру және т. б.

ИТ-білім берудегі серпіліс

Digital Business | 2023 жылы Қазақстанның ІТ-нарығын не күтіп тұр?

Суреттер Midjourney нейрожелісі арқылы жасалды

ТМД нарығында жұмыс істейтін онлайн-білім беру саласындағы ірі ойыншылармен байланыс барысында, олардың Қазақстандағы ІТ білім беру туралы жағымды пікірлерін естиміз. Мысалы, 2022 жылы аймақтағы басқа елдермен салыстырғанда елімізде ІТ-курстарды тұтыну деңгейі жоғары динамика көрсеткен. Нарық төмен базадан тез өсуде. Шетелдік және жергілікті мектептердің курстары мен бағдарламалары бойынша ұсыныстары көбейіп келеді. Мұндай курстар мен бағдарламалар айтишілерге мансабын тезірек бастауға мүмкіндік береді.

Жоғарыда атап өткеніміздей, Tech Orda бағдарламасынан 50 жекеменшік мектеп аккредитациядан өтті. Бұл еліміздегі білім беру нарығын айтарлықтай жетілдіреді. Егер 2021 жылы бағдарламаның бюджетіне 100 оқу ваучері жоспарланса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 3 000-ға дейін өсті. Ал 2023 жылы ваучерді 4 000-ға дейін арттыру жоспарлануда.

Қазақстан нарығында халықаралық ІТ-компаниялардың кеңсе ашуы, ІТ- дағы жалақының өсуі және кадрларға деген сұраныстың артуы — бұның бәрі ІТ-мамандықтар мен ІТ-білімге деген қызығушылықты арттырары сөзсіз.

2023 жылы қазақстандық стартаптарға алғашқы маңызды экзит болуы мүмкін

Digital Business | 2023 жылы Қазақстанның ІТ-нарығын не күтіп тұр?

Суреттер Midjourney нейрожелісі арқылы жасалды

Әзірге «юникорн» стартаптар туралы сөз қозғауға әлі ертерек. Миллиондаған долларға бағаланатын жобалардың ауылы алыс. Футболдағыдай, есеп ашу маңызды болып тұр. Десе де, алғашқы қазақстандық «қарлығаш» стартаптардың мәмілелері ондаған миллион долларға бағалануы мүмкін. Бастысы, сатып алушының ірі халықаралық компания болғаны маңызды. «Қазақстанда жасалған» жобалардың мұндай жетістіктері картаға маңызды белгі қояды: Қазақстанға венчурлық инвесторлардың, қорлар мен технологиялық корпорарциялардың қызығушылығын арттырады. Қазақстандық кәсіпкерлердің өз күшіне деген сенімін көтереді. Бұл стартап-индустрияның әрі қарай дамуына серпіліс береді.

ІТ-қыстың келуі

Digital Business | 2023 жылы Қазақстанның ІТ-нарығын не күтіп тұр?

Суреттер Midjourney нейрожелісі арқылы жасалды

Бұл туралы көпшілік жиі айтып та, жазып та жүр. Әлемдегі технологиялық компаниялардың штаттарын қысқартуы, әлемдегі ірі нарық – АҚШ-тың жақын болашағына қатысты теріс болжамдар жаһандық ІТ-индустрияда өз ізін қалдыруда. Қазақстанда жұмыс істейтін ірі аутсорсинг компаниялардың өкілдері бұл үрдіске алаңдаулы. Себебі, дағдарыс кезінде ірі корпарациялар ең алдымен даму жобалары мен әзірлеу жұмыстарына бөлінетін бюджетті қысқартады.

Халықаралық валюта қоры желтоқсанның басында 2023 жылғы әлемдік экономикалық өсімге қатысты теріс болжам жасады. Өсім шамамен 2 пайызға дейін баяулауы мүмкін.

Дегенмен, жаһандық рецессия емес, өсім туралы сөз қозғалды.

Әрине, жаңа дағдарыс болуы мүмкін. Бірақ жағдайды драматизациялаудың қажеті жоқ. Біріншіден, соңғы ірі дағдарыстың тәжірибесі көрсеткендей – 2008-2009 жылдардағы рецессия және 2019-2021 жылдардағы коронадағдарыс кезінде әлемдік экономика ең қиын жағдайға тап болса да, тез қалпына келді. 1930 жылдары онжылдыққа созылған Ұлы Депрессияның қазіргі уақытта, ХХІ ғасырда қайталануы мүмкін емес сияқты. Қазіргі таңда ақпарат алмасу циклі, өндірістік циклдар, логистика — мұның бәрі айтарлықтай жеделдеді. Осының арқасында экономика құласа да, тез қайта тұрып, қалпына келеді.

Екіншіден, соңғы коронадағдарыс көрсеткендей, кез-келген дағдарыста зардап шегетін салалар бар. Және, керісінше тез өсетін (онлайн жеткізу қызметтері, e-commerce және т.б.) салалар да жеткілікті. Ал бүгінгі таңда даму мен масштабты кеңейтуді ІТ-шешімдерсіз елестету мүмкін емес.

Үшіншіден, кез-келген дағдарыс немесе оның қаупі бизнесті тиімділік пен әр тараптандыру туралы ойлануға итермелейді. Және бұл жақсы үрдіс. Toyota – ның жүз жылға жуық тәжірибесі мен философиясы көрсеткендей, lean production (үнемді өндіріс) және кайзен (үздіксіз жетілдіру тәжірибесі) секілді құралдармен өркендеп жатқан нарықта тиімді жұмыс істеуге болады. Немесе EPAM компаниясының тәжірибесіне сүйенсек, дотком дағдарысынан кейін, яғни 2000 жылдардың басында қарқынды дамып келе жатып, құлдыраған интернет-компаниялар әр тараптандыру бойынша ауқымды жұмыс атқарды: индустрия, география, клиенттер, әзірлеу орталықтары. Жаһандық сын-тегеуріндерге қарамастан, компанияның бизнесі жылына 20-30 пайызға тұрақты түрде өсіп отыр.

Бизнестің тиімділігін көтеру, процесстер мен өнімдерді үнемі жетілдіру, әр тараптандыру – бұл салаларда көптеген қазақстандық компаниялардың әлеуеті жоғары. Әсіресе, ІТ-сферада. Себебі, бұл салада өте тез өсіп жатыр және менеджменттің көптеген қателерін (атап айтқанда, инвестициялық ақша немесе маржаға құнығып, кейбір шалалықты байқамай қалады) кешіре алады.

Digital Business редакциясы 2023 жыл Қазақстандағы ІТ-сала сенімді және сапалы түрде өсетін жыл болсын деген тілек білдіреді!