Атырауда кептеліс азайды: Dahua Technology-дің ақылды бағдаршамдары қалай жұмыс істейді?

Атырауда көлік саны көбейіп, негізгі жолдарға түсетін салмақ артты. Қозғалыс жиілеген сайын қалаға көлік ағынын тез әрі қауіпсіз реттейтін жаңа жүйе қажет.

Осы мақсатта Атырауда Dahua Technology компаниясының ақылды бағдаршам жүйесі іске қосылды. Жүйе жолдағы жағдайды бақылап, көлік көп жиналған бағыттарда бағдаршам уақытын автоматты түрде реттейді. Бұл кептелісті азайтып, қиылыстардағы қауіпсіздікті арттыруға көмектеседі. Компания өкілдері жаңа технологияның артықшылықтарын түсіндіріп берді.

Кептеліс пен жол апаты: Атырау неге ақылды бағдаршамға көшті?

Атырау – батыс өңірдегі маңызды экономикалық және көлік орталығы. Қала дамып, көлік саны артқан сайын негізгі жолдарға түсетін салмақ көбейді. Алайда кей көшелердің инфрақұрылымы әлі толық жетілмеген: бірқатар жолда бағдаршам мен жол белгілері жеткіліксіз.

Бұл жүргізушілерге де, жаяу жүргіншілерге де қолайсыздық туғызады. Әсіресе үлкен қиылыстарда қозғалысты реттеу қиындап, кептеліс пен жол апаты қаупі артады. Бағдаршамдардың жүйесіз жұмысы және қозғалысты ұйымдастырудағы кемшіліктер де жолдағы тәртіпке әсер етеді. Мысалы, 2025 жылы 100-ге жуық көлік қатысқан ірі тізбекті жол апаты болған.

Сондықтан қалаға жол жағдайына тез бейімделетін, қашықтан басқарылатын және көп шығын талап етпейтін жүйе қажет болды. Кең тараған бағдаршам жүйелері техникалық жағынан күрделі болғандықтан, оларды күтіп ұстау қиын әрі қымбатқа түсуі мүмкін. Ал Атырау сияқты өсіп келе жатқан қалаға тез іске қосылатын, қызмет көрсетуге ыңғайлы және тұрғындардың күнделікті өміріне көп кедергі келтірмейтін шешім керек еді.

Dahua жүйесі қалай жұмыс істейді?

Dahua ұсынған жүйе бағдаршамдарды, басқару құрылғыларын және бақылау камераларын бір желіге біріктірді. Камералар жолдағы көлік ағынын бақылайды, ал жасанды интеллект сол деректерді талдайды.

Жүйе қай көшеде көлік көп, қай бағытта қозғалыс баяулап тұр, қай қиылыста кезек көбейгенін анықтайды. Осы мәліметке сүйеніп, бағдаршамдардың жану уақытын автоматты түрде реттейді. Мысалы, бір көшеде көлік көбейсе, сол бағытта жасыл шам ұзағырақ жанады.

Жүйенің тағы бір артықшылығы – оны орнату және баптау жеңіл. Мамандар жолдағы жағдай өзгерсе, бағдаршам жұмысын тез өзгерте алады. Бұл жол қозғалысын қолмен реттеуге кететін уақытты азайтады.

Компания мамандары «жасыл толқын» режимін де енгізгеннің арқасында көліктер негізгі көшелермен жиі тоқтамай, бірқалыпты жүре алады.

 

Dahua компаниясының мәліметінше, Атыраудағы бұл бастама – Еуразия өңірінде бағдаршамдарды зияткерлік жүйемен басқаруға арналған алғашқы демонстрациялық жобалардың бірі. Компания мұндай шешімді Орталық Азиядағы басқа орташа қалаларға да бейімдеуге болады деп есептейді.

Сандар сөйлесін: ақылды бағдаршам Атырауда қандай нәтиже берді?

Ақылды бағдаршам жүйесі іске қосылғаннан кейін Атырауда жол қозғалысы жақсарған.

Негізгі қиылыстардағы көлік ағынын талдау мынадай нәтиже көрсеткен:

  • Көлік көп жүретін уақытта қозғалыс тиімділігі 15%-ға артты.
  • Көліктердің кешігу уақыты 20%-ға қысқарды.
  • Негізгі көшелердің өткізу мүмкіндігі 12–18%-ға өсті.
  • Көліктердің бос тұру уақыты 18%-ға азайды. Бұл жанармай шығынын және ауаға тарайтын зиянды қалдықтарды қысқартуға көмектеседі.
  • Жол қозғалысын қолмен реттеу қажеттілігі 30%-ға төмендеді. Енді мамандар жолдағы жағдайға нақты деректер арқылы жылдам әрекет ете алады.

Dahua Technology ұсынған зияткерлік жүйе Атыраудың цифрлық даму бағытына сай келеді. Бұл шешім қаладағы жол қозғалысын қауіпсіз әрі тиімді етуге мүмкіндік береді. Ақылды бағдаршамдар кептелісті азайтып қана қоймай, жолдағы қауіпсіздікті де жақсартады. Ал көліктің бірқалыпты жүруі қала ауасының тазарып, тұрғындарға қолайлы орта қалыптасуына әсер етеді.

Dahua Technology бағдаршам Атырау