«Ата-аналардың қажеттіліктерін қанағаттандырғымыз келеді» Жезқазғандық жас ана балалар орталығы, үйірмелер мен секцияларға арналған бірыңғай абонемент жасап шығарды

Мектептен кейін Лаура Ералиева логист мамандығын оқу үшін Шанхайға жол тартты, онда 6 жыл оқыды. Алайда ол мамандығы бойынша жұмыс істеуді қаламады. Қазақстанға оралған соң, Choco компаниясына серіктестермен жұмыс жөніндегі менеджер қызметіне орналасты. Бір жыл ішінде Рахмет жобасында бөлім жетекшілігіне дейін өсті. Әрі қарай күйеуінің жұмысы Қарағандыға ауысып, Choco-дан кетуге тура келді. Көп ұзамай ерлі-зайыптылар […]