Канадаға кетіп, Google компаниясы қолдаған стартапты іске қосты. Жезқазғандық Әсел Беглинованың хикаясы

Әсел Беглинова бала кезінен ағылшын тілінде білім алғысы келді. Назарбаев университетіне түспек болды, бірақ емтихан тапсыра алмай құлады. Содан кейін Flex студенттер алмасу бағдарламасы бойынша АҚШ-қа кетуге талаптанып көрді, ол да сәтсіз болды. Ақырында Торонтодағы Seneca College оқу орнына түсті. Қаржыгер мамандығын алған бойжеткен бірнеше жыл канадалық жетекші банктерде жұмыс істеді, сосын украиналық Вадим Лидичпен […]