Олардың арманындағы стартап. Қазақстандық екі бойжеткен басшыларға арналған күнделікті қайталанатын жұмысты істейтін ЖИ-көмекшіні жасап жатыр

Мектеп бітірген соң Аружан Меде Барселонада қаржыгер мамандығын оқыған және Hilton of Spain қонақ үйлер желісінде 3,5 жыл жұмыс істеген. Алайда коронавирус пандемиясы кесірінен Қазақстанға оралды. Өз елінде BTS Education компаниясына жұмысқа тұрды. Шамамен сол уақытта ұжымға Малайзияда оқыған, туризм саласында 3 жыл тәжірибесі бар Динара Халитова қосылды. IT-саласында өздерін сынап көрген екі қыз 2022 […]