«Бұл ойынды кептелісте тұрғанда, тойда, жалпы барлық жерде ойнайды». Қазақстандық азамат халық арасында хитке айналған Aqyl Battle ойынын қалай құрды

Қазақша зияткерлік ойыннан бұрын Айболат Құлатай серіктесімен бірге мобильді қосымша әзірлейтін аутсорс-компанияның жұмысын жүргізді. Ал Қаңтар оқиғасынан кейін кофаундер стартаппен айналысамын деп шешті. Оның жұмысы жоспарланғандай бір ай емес, жарты жылға созылғанына қарамастан, ойын жарыққа шыққаннан-ақ табыс әкеле бастады. Digital Business-тің Astana Hub-пен бірлескен «Қазақстандағы 100 стартап» жобасы аясында берген сұхбатында Айболат Құлатай қолданушылар неге […]