«1-2 айда 160 мың қолданушы жинадық». Алматылық жігіттер жаяу жүргеннен пайда табуға болатын қолданба құрап шықты
Әлім Раздықовтың білімі қаржыгер және режиссер. Алайда ол саналы ғұмырында маркетингпен айналысып келеді. Бәрі алматылық «Қайраттан» басталды, жігіт клубтың медиакеңістік пен әлеуметтік желілердегі белсенділігіне жауапты болатын. Кейін түрлі жарнама агенттігінде жұмыс істеді, қазір Әлім корейлік Cheil Worldwide компаниясының қазақстандық кеңсесінде digital-тимлид қызметін атқарып жүр. Сонымен қатар алматылық жігіт үш досымен бірге адамдар жүріп өткен қадамы […]