IT и стартапы
Финансы
Жоба туралы
Жарнама
Главная страница
/
Авторы
/
Сурет
Сурет
6 ноября 2023
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДАҒЫ 100 СТАРТАП
Бұрынғы мемлекеттік қызметкер SMS-тің көмегімен келісім-шартқа онлайн қол қоюға мүмкіндік беретін стартапты іске қосты
Шыңғыс Дәулетбаев мектепте оқып жүрген кезінде дәрігер болғысы келген. Алайда хирург әкесінің 3 сағат бойы науқасқа ота жасайтынын көріп, бұл мамандыққа денсаулығы жарамайтынын түсінді (жігіт сирек кездесетін сырқатқа шалдыққан). Сөйтіп Шыңғыс Қазақ-Британ техникалық университетіне «Менеджмент» мамандығы бойынша оқуға түсті. Оқумен қатар бизнеспен айналыса бастады, ағасына құрылыс материалын сатып алуға көмектесті. Содан кейін IT-компания ашты, мемлекеттік […]
3 ноября 2023
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДАҒЫ 100 СТАРТАП
«Оқушыларымыздың шамамен 87%-ы толық немесе жартылай грантқа түсіп жатыр». Қазақстандық келіншек шетелдік университеттерге түсуге көмектесетін платформа құрды
Лаура Вайгорованы шетелде оқуды таңдауға сингапурлық жігіттер шабыттандырды. «Ағылшын тілінде өте жақсы сөйлейсің. Біздің университеттердің біріне түсуге көмектесеміз», — деп еске алады ол жаңа таныстарының сөзін. Осылайша, Лаура Йель университетінің Сингапурдағы филиалы Yale University College студенті атанды. Бірақ ол кезде қыз кәмелетке толмағандықтан, оған қамқоршы табылмаған соң оқи алмады. Нәтижесінде Лаура Назарбаев университетіне түсіп, екі […]
27 октября 2023
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДАҒЫ 100 СТАРТАП
Қазақстандық азаматтар нейрожеліге сирек кездесетін көз ауруларын анықтауды үйретті. Ол мыңдаған қате диагнозды жоя алады
ZebraEye – бұл AI көмегімен жұмыс істейтін бұлттық шешім, ол дәрігерлерге медициналық түсірілімді пайдалана отырып, сирек кездесетін көз ауруларының диагностикасын жасауға көмектеседі. Стартаптың құрылғанына небәрі жарты жыл болса да, оның командасы қазақстандық клиникалармен алғашқы келісім-шарттар жасап жатыр. Жобаның негізін қалаушылар, оның ішінде Cerebra бас директоры Досжан Жүсіпов АҚШ нарығына шыққысы келеді және pre-seed кезеңіне дайындалып […]
23 октября 2023
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДАҒЫ 100 СТАРТАП
Қазақстандық стартап IT-компаниядағы бағдарлама әзірлеушілерді оңай алмастыратын AI-бот жасап шығарды
18 жастағы Арсен Қылышбектің жасанды интеллектке негізделген жеке стартапы бар. WhoockAI — IT-компанияларға жас IT-әзірлеушілерді жасанды интеллектке алмастыруды ұсынады.
20 октября 2023
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДАҒЫ 100 СТАРТАП
«1-2 айда 160 мың қолданушы жинадық». Алматылық жігіттер жаяу жүргеннен пайда табуға болатын қолданба құрап шықты
Әлім Раздықовтың білімі қаржыгер және режиссер. Алайда ол саналы ғұмырында маркетингпен айналысып келеді. Бәрі алматылық «Қайраттан» басталды, жігіт клубтың медиакеңістік пен әлеуметтік желілердегі белсенділігіне жауапты болатын. Кейін түрлі жарнама агенттігінде жұмыс істеді, қазір Әлім корейлік Cheil Worldwide компаниясының қазақстандық кеңсесінде digital-тимлид қызметін атқарып жүр. Сонымен қатар алматылық жігіт үш досымен бірге адамдар жүріп өткен қадамы […]
18 октября 2023
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДАҒЫ 100 СТАРТАП
Қазақстандық жігіт фитнеспен айналысу жүйесін қайта құрап шықты: енді әрбір адам бұлшық еті ойнаған немесе мінсіз мүсін иесі бола алады
Ілияс Исатаев 6 жылдан бері фитнес-клубтар желісінде жаңа технологиялармен тәжірибе жасап келеді. Және ол фитнеске деген көзқарасты түбегейлі өзгертетін Hero's Journey атты стартап құрып үлгерді.
18 октября 2023
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДАҒЫ 100 СТАРТАП
Қаржы пирамидалары мен бір күндік фирмаларды табады. Kompra қазақстандық стартапы бизнес-серіктестерді тексеруге қалай көмектесіп жатыр?
Kompra — бұл серіктестердің сенімділігін тексеруге арналған қазақстандық стартап. Бұл қызмет мемлекеттік дерекқорлардағы ақпаратты өз алгоритмдері арқылы талдап, адамдарға әлеуетті тапсырыс берушілер мен мердігерлер туралы бәрін білуге көмектеседі. Мысалы, бұл қызмет жиһаз жасаушыны таңдауды жеңілдете алады, себебі ол қай кәсіпкердің қарызы бар екенін, қайсысы сотты болып жатқанын, ал кімнің осы жылдар ішінде ешқашан абыройына нұқсан […]
9 октября 2023
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДАҒЫ 100 СТАРТАП
Қазақстандық жігіттер дүкендерді толық цифрландыра алатын софт құрап шықты. Beksar стартап хикаясы
Стартаптың бұл қызметі Қазақстан бойынша 2,3 мыңнан астам дүкенде қолданылады. Әрине, компанияның негізін қалаушылар бұл жетістікпен тоқтап қалмақ емес.
9 октября 2023
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДАҒЫ 100 СТАРТАП
Қазақстандық келіншек қонақ үйлерге арналған цифр құлып қызметін іске қосты. Оның мақсаты – халықаралық қонақ үйлер желілері
Porte – нөмірлердің магнит кілтін телефоннан ашатын цифр құлыпқа алмастыратын SaaS-шешім. Сервис мобильді және web-қосымшалар негізінде жұмыс істейді және қонақ үйге тоқтайтындар үшін тағы бірнеше қызмет түрін қамтиды. Жобаны іске қосу үшін команда жарты жылдай еңбек етті. Қазір олар Қазақстанда келісім-шарттар жасасып, БАӘ мен Сауд Арабиясы нарықтарына шығуға дайындалып жатыр. Стартап қалай аз уақыттың ішінде […]
2 октября 2023
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДАҒЫ 100 СТАРТАП
Стартапқа ондаған мың доллар салды. Алматылық тұрғын шағын және орта бизнесті қаржыландыруға көмектесетін платформа құрып жатыр
Асхат Серікбекұлы мектеп қабырғасынан бағдарламалауға құмар болды: ол 90-жылдардың соңында сайт жасап жүрген еді. Алайда мансабын қаржы саласында құруды жөн санады. 2008 жылы достарымен бірге түрлі компанияларға арналған жобаларды басқару жүйесі стартабын іске қосқаны рас. Дегенмен, ол кезде Қазақстанда мұндай өнім сұранысқа ие болмады. Бұдан кейін Асхат консалтинг бизнесіне кетуге бел буды, бірақ IT саласынан […]
25 сентября 2023
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДАҒЫ 100 СТАРТАП
«Бәріне Тоқаев бізге инвестиция салды деп айтып жүрміз». Қазақстандықтар ағылшын тілінде сөйлеуге көмектесетін стартап ойлап тапты
2021 жылы көкшетаулық Бота Мұса мен сарыағаштық Ерасыл Оспанов BilimBer стартапын іске қосты. Бұл бірден үш пән: математика, биология және Қазақстан тарихынан ҰБТ сынақтарын тапсыру платформасы. Көп ұзамай пәндер қатары кеңейіп, қосымша функциялар пайда болды: пікір қалдыру мүмкіндігі, жылдам шпаргалка іздеу, танымал Kahoot оқу платформасының стиліндегі зияткерлік турнир қосылды. Үшінші айға жақындағанда мобильді қосымша Play […]
11 сентября 2023
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДАҒЫ 100 СТАРТАП
Бір шаршы метр сатып алып, дивиденд алу. Қазақстандық стартап жылжымайтын мүліктен ақша табуды ойлап тапты
Proportunity негізін қалаушы Арман Баев бизнес-үлгісі, қазақстандықтардың тәуекелге баруға дайындығы және платформаны ислам банкіне айналдыру жоспары туралы айтты.
<
1
2
3
4
5
>
C
Политикой обработки персональных данных
ознакомлен.