Қазақстандық ғалымдар дәрі-дәрмек жасауды жеделдетудің жолын тапты. Олардың стартапы $12,5 миллионға бағаланды
2020 жылы қазақстандық ғалым Болат Сұлтанқұлов COVID-19-ды анықтауға арналған инновациялық тест ойлап тапты. Оның ерекшелігі — наноденелер (антиденелердің бір түрі) қолдануында. Олардың ағзадағы қызметі — «жауларды», мысалы, вирустар мен қатерлі ісік жасушаларын тауып, соларға жабысып, ағзаға олардан арылуға көмектесу. Осы қасиеттерінің арқасында антиденелер диагностика мен емде қолданылады. Наноденелер де осы принциппен жұмыс істейді, бірақ олар […]