Browsing archive

Автор: Сурет

«Цифрландыру қалыптасқан қағиданы бұзды». Қазақстанда электронды үкімет қалай құрылды

«Цифрлық құжаттарды енгізіп жатқанда қарсылыққа тап болдық. Көбі оның қалай жұмыс істейтінін түсінген жоқ. Мысалы, Астанадағы әуежай қызметкерлері жолаушыларды электронды жеке куәлікпен рейске жіберуге үзілді-кесілді қарсы болды. QR-кодты сканерлесе, жеткілікті, жүйе жеке тұлғаны өзі танып, растайды, осылай тексеру оңайырақ болады деп біз оларды көндірумен болдық. ЦДИАӨМ қызметкерлері мен техник-мамандарының үлкен еңбегі арқасында ғана цифрлық құжаттарды […]

Бизнеске арналған сөйлеу технологияларында қазақ тілін қалай қолдануға болады? Yandex Cloud тәжірибесі

Сөйлеу технологиялары қазірден-ақ бизнесті автоматтандыруға ғана емес, сонымен қатар күнделікті ондаған, тіпті жүздеген мың тұтынушымен сөйлесетін жаттанды дауыстардың арқасында оны танымал етуге көмектеседі. Сөйлеу модельдері үнемі өзгеріп отырады және мысалы, бірнеше тілді бірден түсінуді немесе әртүрлі мәнерде сөйлеуді үйренеді. Сөйлеу технологиялары әлеміндегі маңызды жаңалықтар мен оның Қазақстандағы бизнеске пайдасы жөнінде Yandex Scale Kazakhstan алаңында Yandex […]

Аймақтың цифрлық эволюциясы: Yandex Scale Kazakhstan кәсіпқой мамандардың басын қосты

23 қазанда Қазақстанда алғашқы Yandex Scale конференциясы өтті, бұл Yandex Cloud-тың цифрлық өнімдер мен шешім әзірлеушілерге арналған іс-шарасы. Digital Business тілшілері шараға қатысып, цифрлық сала өкілдерінің не туралы айтып жатқанын тыңдады. Жасампаздық уақыты: Қазақстандағы Yandex Cloud дамуы Ұйымдастырушылар шараға көпшіліктің назары ауатынын күтпесе керек: баяндама тыңдауға 400-ден астам адам келді. Көбі шара басталмай жатып, залдағы […]

Экспоненциалды өсім теориясы қалай Astana Hub бастауына айналды. Мағжан Мәдиевтің технопарк негізін қалау жайындағы көлемді сұхбаты

«2010-жылдардағы Қазақстанның IT-экожүйесі шикі болды деп айта аламын. Choco, Aviata, Тикетон және Flip.kz пайда болған Алматы мен Қарағандыда ғана тіршіліктің белгісі білінген еді. Жалпы, нарық туралы айтсам, оған білім, құзырет, инвестиция жетіспеді. Біз нетворкинг пен тәжірибе алмасу жағынан ғаламдық IT-индустриядан әлі де алыс едік», – деп еске алады Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев. Жағдайды […]

Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева: «Құқық көшедегі көлік секілді технологияның артынан қауіпсіз қашықтықта жүруі керек»

«IT-мен университетте таныстым. Химик мамандығына оқып жүрсем де, ғылыми-зерттеу жұмысым сол замандағы «жас» сала — компьютерлік химияға байланысты болды. Біз машинаны оқыту алгоритмдерін жазып, оның болжамы қаншалықты дәл келетінін тексеретінбіз, – деп еске алды студент шағын Екатерина Смышляева. – Basic пен Pascal-да код жаздық. Деректерді қолдан жинадық, түні бойы (телефон желісі бос кезде) түрлі сайттан […]

Жеке тәжірибе: ASUS E5 AiO 27 жұмыс істеуге қаншалықты ыңғайлы?

Алғашқы моноблоктарды ASUS компаниясы 2010-жылдардың басында шығара бастады. Олар орташа қуатты процессормен жабдықталды және ықшамды болғандықтан, кеңседе немесе үйде қолдануға ыңғайлы еді. Модельдер түрін кеңейте отырып, өндіруші нарыққа түрлі тапсырмалар мен ойын-сауыққа арнап жабдықталған эргономикалық компьютерлердің кең таңдауын ұсынды. ASUS E5 AiO 27 – технология, қуат пен көп функционал біріккен концепцияның айқын мысалы. Digital Business […]

70-жылдардың программистері, Қазақстандағы алғашқы компьютерлер және информатика алтыны. РФММ тарихын айтамыз

Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебі ондаған жылдар бойы Қазақстанның IT-саласы үшін кадр даярлайтын шеберхана атанып отыр. Мектептің танымал түлектері қатарында Kaspi.kz тең құрылтайшысы Вячеслав Ким, Яндекстің негізін қалаған Аркадий Волож бен Илья Сегалович, венчурлық инвестор Мұрат Әбдірахманов және басқа да атақты кәсіпкерлер бар. Қазақстандық стартапшылардың жаңа толқыны да осы РФММ білімін алған. Мысалы, Higgsfield AI (жасанды […]

Қала телефоны арқылы қосылу, сұмдық баға және жылдамдық баяу. Қазнет неден басталғанын еске түсіреміз

Биылғы жыл Қазнет тарихында айтулы дата – 30 жыл бұрын еліміз жекеменшік KZ домендік аймағын иеленді. Көп ұзамай ғаламторда мұндай доменмен бірінен соң бірі жаңа сайттар – жаңалық порталдары, корпоративті ресурстар, түрлі каталогтар және т.б. пайда бола бастады. Біз бүгін өмір сүріп жатқан ғаламтор кеңістігінің іргетасы, міне, сол кезеңде қаланды десек болады. Қазнеттің қалыптасуын мұқият […]

Aviata өнімдерін кім және қалай жасайды? Компанияның өнім жөніндегі директоры Еркебұлан Нұржақыповқа 5 сұрақ

Digital Business сәуір айында Aviata СЕО-сы Аюна Вальтермен сұхбаттасты. Компания жетекшісі сұхбатында Freedom Holding Corp.-пен келісім жасалғаннан кейін компанияда болған өзгерістер туралы, Қазақстан мен одан тыс аумақтардағы жаңа міндеттер жайлы айтты. Бірақ бизнестің әрі қарайғы даму жоспары қандай және миллиондаған адам пайдаланатын сервистерді қалай жасайды? Осы және басқа сұрақтарды редакция Aviata CPO-сы Еркебұлан Нұржақыповқа қойған […]

IT-мамандар табыс табу үшін Қытайға барды, ал IT-компаниялар тоңазытқыш сатты. Қазақстанда IT-сала қалай пайда болды

Digital Business редакциясы Yandex Qazakhstan-мен бірге «Қазақстанның IT-тарихы» ауқымды жобасын бастайды. Онда біздің елімізде қалай IT-сала пайда болып, дамығанын айтамыз. Осы салада үлкен рөл атқарған жəне əлі де атқарып жүрген жандармен кездесеміз. 1970-80-90-жылдары кодтаумен айналысқандардан бастап, eGov пен финтехтің, электронды сауданың, Аstana Hub құрудың, стартаптар мен қазір алдыңғы қатарда тұрған компанияларға дейін венчурдың пайда болуының […]

Әуетокендер, қазақ тілі курсы және психологиялық қолдау. Aviata қызметкерлері қалай жұмыс істейді

Aviata әуе және теміржол билеттерін онлайн сату сервисі Қазақстанда 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Осы кезең ішінде иесі бірнеше рет өзгерді, шағын стартаптан ірі компанияға айналды, штатын 200 адамға жеткізді. Digital Business Aviata-да қонақ болып, жасанды интеллект кеңсені түрлендіруге қалай көмектескенін, қызметкерлер әуетокендерді қайда жұмсайтынын және компаниядан кеткен адамдар уақыт өте келе неліктен […]

«Алдағы жылдары жобаның дамуына көбірек инвестиция салғымыз келеді». Aviata бас директоры Аюна Вальтердің сұхбаты

Aviata бүгінде Қазақстанда әуе және теміржол билеттерін онлайн сатудан көшбасшылардың бірі. Жыл сайын бұл платформа арқылы ішкі және халықаралық рейстерге ұшақ пен пойыздың миллиондаған билеті сатылады. Компания табысты болғанының бір дәлелі, 2023 жылдың сәуірінде Freedom Holding Corp. (FRHC) оны $32,3 млн-ға сатып алып, экожүйесінің бір бөлігі етті. Сөйте тұра, Aviata-ның табысты бизнес екені көпшілікке бірнеше […]