Browsing archive

Автор: Мәтін

Бұрынғы мемлекеттік қызметкер SMS-тің көмегімен келісім-шартқа онлайн қол қоюға мүмкіндік беретін стартапты іске қосты

Шыңғыс Дәулетбаев мектепте оқып жүрген кезінде дәрігер болғысы келген. Алайда хирург әкесінің 3 сағат бойы науқасқа ота жасайтынын көріп, бұл мамандыққа денсаулығы жарамайтынын түсінді (жігіт сирек кездесетін сырқатқа шалдыққан). Сөйтіп Шыңғыс Қазақ-Британ техникалық университетіне «Менеджмент» мамандығы бойынша оқуға түсті. Оқумен қатар бизнеспен айналыса бастады, ағасына құрылыс материалын сатып алуға көмектесті. Содан кейін IT-компания ашты, мемлекеттік […]

«Оқушыларымыздың шамамен 87%-ы толық немесе жартылай грантқа түсіп жатыр». Қазақстандық келіншек шетелдік университеттерге түсуге көмектесетін платформа құрды

Лаура Вайгорованы шетелде оқуды таңдауға сингапурлық жігіттер шабыттандырды. «Ағылшын тілінде өте жақсы сөйлейсің. Біздің университеттердің біріне түсуге көмектесеміз», — деп еске алады ол жаңа таныстарының сөзін. Осылайша, Лаура Йель университетінің Сингапурдағы филиалы Yale University College студенті атанды. Бірақ ол кезде қыз кәмелетке толмағандықтан, оған қамқоршы табылмаған соң оқи алмады. Нәтижесінде Лаура Назарбаев университетіне түсіп, екі […]

Қазақстандық стартап IT-компаниядағы бағдарлама әзірлеушілерді оңай алмастыратын AI-бот жасап шығарды

18 жастағы Арсен Қылышбектің жасанды интеллектке негізделген жеке стартапы бар. WhoockAI — IT-компанияларға жас  IT-әзірлеушілерді жасанды интеллектке алмастыруды ұсынады.

«1-2 айда 160 мың қолданушы жинадық». Алматылық жігіттер жаяу жүргеннен пайда табуға болатын қолданба құрап шықты

Әлім Раздықовтың білімі қаржыгер және режиссер. Алайда ол саналы ғұмырында маркетингпен айналысып келеді. Бәрі алматылық «Қайраттан» басталды, жігіт клубтың медиакеңістік пен әлеуметтік желілердегі белсенділігіне жауапты болатын. Кейін түрлі жарнама агенттігінде жұмыс істеді, қазір Әлім корейлік Cheil Worldwide компаниясының қазақстандық кеңсесінде digital-тимлид қызметін атқарып жүр. Сонымен қатар алматылық жігіт үш досымен бірге адамдар жүріп өткен қадамы […]

Қазақстандық жігіт фитнеспен айналысу жүйесін қайта құрап шықты: енді әрбір адам бұлшық еті ойнаған немесе мінсіз мүсін иесі бола алады

Ілияс Исатаев 6 жылдан бері фитнес-клубтар желісінде жаңа технологиялармен тәжірибе жасап келеді. Және ол фитнеске деген көзқарасты түбегейлі өзгертетін Hero’s Journey атты стартап құрып үлгерді.

Қаржы пирамидалары мен бір күндік фирмаларды табады. Kompra қазақстандық стартапы бизнес-серіктестерді тексеруге қалай көмектесіп жатыр?

Kompra — бұл серіктестердің сенімділігін тексеруге арналған қазақстандық стартап. Бұл қызмет мемлекеттік дерекқорлардағы ақпаратты өз алгоритмдері арқылы талдап, адамдарға әлеуетті тапсырыс берушілер мен мердігерлер туралы бәрін білуге ​​көмектеседі. Мысалы, бұл қызмет жиһаз жасаушыны таңдауды жеңілдете алады, себебі ол қай кәсіпкердің қарызы бар екенін, қайсысы сотты болып жатқанын, ал кімнің осы жылдар ішінде ешқашан абыройына нұқсан […]

Қазақстандық жігіттер дүкендерді толық цифрландыра алатын софт құрап шықты. Beksar стартап хикаясы

Стартаптың бұл қызметі Қазақстан бойынша 2,3 мыңнан астам дүкенде қолданылады. Әрине, компанияның негізін қалаушылар бұл жетістікпен тоқтап қалмақ емес.

Стартапқа ондаған мың доллар салды. Алматылық тұрғын шағын және орта бизнесті қаржыландыруға көмектесетін платформа құрып жатыр

Асхат Серікбекұлы мектеп қабырғасынан бағдарламалауға құмар болды: ол 90-жылдардың соңында сайт жасап жүрген еді. Алайда мансабын қаржы саласында құруды жөн санады. 2008 жылы достарымен бірге түрлі компанияларға арналған жобаларды басқару жүйесі стартабын іске қосқаны рас. Дегенмен, ол кезде Қазақстанда мұндай өнім сұранысқа ие болмады. Бұдан кейін Асхат консалтинг бизнесіне кетуге бел буды, бірақ IT саласынан […]

Ісін гаражда бастап, қазір АҚШ нарығына шығуды армандайды. Қазақстандықтар сәлемдеме жеткізуді ыңғайлы етудің амалып ойлап тапты

Tastamat – бұл автоматтандырылған жанасусыз сәлемдеме жеткізу қызметі. Ақылды терминалдар қазір Қазақстан мен Қырғызстанның 13 қаласында бар.

«Бәріне Тоқаев бізге инвестиция салды деп айтып жүрміз». Қазақстандықтар ағылшын тілінде сөйлеуге көмектесетін стартап ойлап тапты

2021 жылы көкшетаулық Бота Мұса мен сарыағаштық Ерасыл Оспанов BilimBer стартапын іске қосты. Бұл бірден үш пән: математика, биология және Қазақстан тарихынан ҰБТ сынақтарын тапсыру платформасы. Көп ұзамай пәндер қатары кеңейіп, қосымша функциялар пайда болды: пікір қалдыру мүмкіндігі, жылдам шпаргалка іздеу, танымал Kahoot оқу платформасының стиліндегі зияткерлік турнир қосылды. Үшінші айға жақындағанда мобильді қосымша Play […]

Канадаға кетіп, Google компаниясы қолдаған стартапты іске қосты. Жезқазғандық Әсел Беглинованың хикаясы

Әсел Беглинова бала кезінен ағылшын тілінде білім алғысы келді. Назарбаев университетіне түспек болды, бірақ емтихан тапсыра алмай құлады. Содан кейін Flex студенттер алмасу бағдарламасы бойынша АҚШ-қа кетуге талаптанып көрді, ол да сәтсіз болды. Ақырында Торонтодағы Seneca College оқу орнына түсті. Қаржыгер мамандығын алған бойжеткен бірнеше жыл канадалық жетекші банктерде жұмыс істеді, сосын украиналық Вадим Лидичпен […]

«Бизнестің кірісін шамамен 27%-ға өсіре аламыз». Қазақстандық стартап Flowsell.me ескі клиенттерді қайтарудың тиімді жолын ойлап тапты

Коронавирус індеті кезінде отбасылық бизнесті сақтап қалу үшін Астана тұрғыны Дәурен Макенов Flowsell.me платформасын құрды. Бастапқыда ол Дәуреннің әйеліне тиесілі бірнеше сұлулық салонның жұмыс кестесі туралы WhatsApp-хабарлама таратумен айналысты. Кейін келе кәсіпкер жүйенің қызметін кеңейтіп, тұтынушыларды оңай және тез қайтарудың амалдарын қосты. Клиент ұстап қалу қызметін қалай жетілдіруге болады? Flowsell.me түрлі саладағы бизнеске қандай экономикалық […]