Жаңа ASUS Expert P жасанды интеллекті бар желісі: кез келген тапсырмаға арналған үш түрлі форм-фактордағы компьютер

Версия на русском языке
Freedom Broker Freedom Broker О редакции О редакции Ищем журналистов в Алматы! Ищем журналистов в Алматы!
Дата публикации: 12.06.2025, 16:19

Соңғы бес жылда жұмыс форматы түбегейлі өзгерді деуге болады. Әуелі пандемия компанияларды жаппай қашықтан жұмыс істеуге мәжбүрледі, және бұл бизнес-процестерге еш зиян келтірмеді, кей жағдайда тіпті кеңседен мүлде бас тартуға болатынын түсіндік. Кейін генеративті жасанды интеллект (genAI) үлгілерінің жылдам дамуы жоғары қауіпсіздік пен сапалы коммуникацияны сақтай отырып, үйден жұмыс істеуге жаңа мүмкіндіктер ашты. ASUS ұсынған жаңа Expert P құрылғылар желісі дәл осы жаңа стандарттарға бейімделген. Digital Business бұл модельдер тобының мүмкіндіктерін зерттеп, әртүрлі жұмыс үшін қай құрылғының тиімді екенін анықтады.

Желіде девайстің үш түрлі санаты бар

Ең алдымен, назар аудартатыны — форм-факторлардың әртүрлілігі. Expert P үш түрлі құрылғыдан тұрады:

  • әртүрлі диагональдағы ExpertBook P1 және P3 ноутбуктары, флагманды P5 (14 дюйм);
  • ExpertCenter AiO P400 моноблоктары (23,8 және 27 дюйм);
  • ExpertCenter P500 Mini Tower жүйелік блогы.

Барлық құрылғыда жұмыс процесіне арналған жасанды интеллект (AI) технологиялары бар. Сондықтан таңдау жасаған кезде функциялардың саны емес, құрылғының нақты қажеттілікке қаншалықты сай келетіні маңызды.

Моноблок

Моноблоктар — үйде немесе кеңседе бекітілген жұмыс орны үшін өте ыңғайлы. ExpertCenter AiO P400-бен жатын жерде видеоқоңырауға қатыса алмайсыз, бірақ ноутбукке қарағанда, оған қосымша монитор сатып алудың қажеті жоқ. Ал, 24 немесе 27 дюймдік экранда жұмыс істеу бәрібір әлдеқайда жағымды.

ASUS

Қазіргі моноблоктар жоғары жүктемеге шыдамды, әрі қуатты. Жаңа ExpertCenter AiO P400 i3 (6 ядро, 1,2 ГГц) нұсқасынан бастап, i5 (8 ядро, 4,6 ГГц) және i7 (10 ядро, 4,9 ГГц) дейін Intel Core процессорларымен жабдықталған. Сонымен қатар басқа Intel нұсқалары да бар.

23,8 дюймдік диагональді P440VA моделіне 16 немесе 32 ГБ жедел жадыны, ал 27 дюймдік P470VA нұсқасына 64 ГБ дейін жедел жадыны орнатуға болады. Нұсқаның бәрі DDR5 стандартты. Жад көлемі — 2 ТБ дейін және M.2 NVMe PCIe 4.0 стандартымен, бұл 2 ГБ/с-қа дейінгі деректер жылдамдығын қамтамасыз етеді.

ASUS

Барлық қажетті порттар бар: HDMI опциясы, USB Type-C, Type-A Gen 3.1, сым қосатын RJ-45, құлаққап қосатын 3,5 мм тетігі. Жасырын Full HD веб-камераның болғаны қуантады, ол дисплей эстетикасын сақтай отырып, қажет кезде ғана шығады. Экран қатынасы — 16:9, сенсорлы модификациясы бар.

27 дюймдік үлгі де сенсорлы экранмен, 100 Гц жаңарту жиілігімен келеді. Компьютер әмбебап: бұл модельді 90 градусқа бұруға немесе VESA бекіткіші көмегімен қабырғаға іліп қоюға болады. Мұндай күйде жұмыс орны тіпті әсерлі көрінеді. ExpertCenter AiO екі моделінің де қара және ақ түсті үлгілері бар, сондықтан түсін интерьерге сай таңдауға болады. 

Стационарлы ExpertCenter P500 Mini Tower

Бұл ықшам құрылғы ауыр жүктемелерге арналған — моноблоктар мен ноутбуктарға қарағанда қуаттырақ. Бәрібір үлкен корпус жақсы салқындатып, қуатты «темірлерді» орнатуға мүмкіндік береді. Мұнда Intel Core i7 де бар, 64 ГБ жедел жадысы да бар, 4 ТБ дейін жады (2 ТБ HDD + 2 ТБ SSD) тағы қарастырылған.

Asus

Қосымша ретінде Nvidia GeForce RTX 5060 видеокартасын орнатуға болады. Ол ойынға да жарамды, дегенмен бәрібір бұл сегментте графикамен жұмыс істеуді талап ететін тапсырмалар маңыздырақ. Мысалы, кәсіби бейнемонтаж, сурет өңдеу, иллюстрация жасау және тағы басқа.

Сөйте тұра үнсіз жұмыс істеу режимінде P500 Mini Tower бар болғаны 24 дБ шу шығарады, бұл кеңсе мен үйге бірдей ыңғайлы.

ASUS

Жалпы алғанда, P500 Mini Tower — ауыр әрі тұрақты жұмысқа арналған құрылғы. Әлбетте, компьютерге қауіпсіздік үшін TPM 2.0 чипі және жасанды интеллектің  функциялары орнатылған. Бұл туралы сәл кейінірек айтамыз. 

Ноутбуктер

Моноблоктар қанша ыңғайлы болғанымен, жиі жол жүретін адамдар үшін жарамайды. Сондықтан бұл ретте ExpertBook P1, P3 және P5 желісіне назар аударған жөн.

ExpertBook P1

Бастапқы P1 — корпоративті сегмент, яғни шағын және орта бизнеске арналған қолжетімді ноутбук ретінде ұсынылады. Сәйкесінше, бұл «аз ақшаға көп ноутбук алу». 14 дюймдік Full HD модельге Intel Core i7, 64 ГБ жедел жадыны, 1 ТБ қосымша жад орнатуға болады. Салмағы — 1,4 кг, оны портфельде немесе рюкзакта тасуға ыңғайлы.

ASUS

Сонымен қатар, RJ-45 портының бары қуантады: Wi-Fi бар болғанымен, кабельдік байланыс әлі де жылдамдық пен тұрақтылықта алда. ASUS салқындату жүйесіне көп мән берген. Біріншіден, ол қақпағы ашық болса да, жабық болса да бірдей тиімді. Екіншіден, жылы ауа ExpertBook P1-дің артқы бөлігінен шығады, артқы вентиляция — қолданушы қолын қыздырмайды.

Егер сәл үлкенірек ноутбук қажет болса, 15,6 дюймдік (Full HD) нұсқасы да бар. Ол 200 граммға ауырлау (1,6 кг), бірақ бұл аса байқала қоймайды. 

ExpertBook P3

Бір саты жоғары тұрған P3 моделі де екі нұсқада ұсынылған — 14 14 (P3405) және 16 (P3605) дюйм. Қосымша ретінде 2,5K ажыратымдылығы бар және шағылысуға қарсы жабындысы бар дисплей таңдау мүмкіндігі бар, бұл визуалмен жұмыс істейтіндер үшін өте қолайлы. Жад көлемі 3 ТБ-қа дейін жетеді, мұндай конфигурацияда үлкен жұмыс файлдарын да, бірнеше сапалы фильмді де сапарға ала кетуге болады.

ASUS

Негізгі порттары — HDMI (айтпақшы, 2.1 нұсқасы), USB-A 3.2 Gen1 және екі Type-C (3.2 Gen2), сонымен қатар 3,5 мм құлаққап шығатын порт сол жақта орналасқан. Осылайша, оң жақ беті бос қалады (онда тағы бір USB-A 3.2 Gen1, RJ-45 және Kensington Nano құлпы бар), яғни тышқанмен жұмыс істегенде сымдар кедергі келтірмейді.

16 дюймдік нұсқасы тек экран өлшемімен және салмағымен (1,75 кг бастап) ерекшеленеді. Сонымен қатар, бұл нұсқада пернетақтада сандық блок (Num-блок) та бар.

ExpertBook P5

Жолақты флагман ретінде алюминий корпусы, 2,5K (2560 х 1600) дисплейі және ең жаңа Intel Core Ultra 2 процессоры бар, 47 TOPS-қа дейінгі өнімділікпен нейрожүйелік есептеулерді өңдеуге арналған жеке чиппен жабдықталған модель ұсынылған.

Бастапқы көріністен-ақ бұл — ешқандай ымырасыз, жоғары деңгейлі модель екені анық көрінеді: ең жоғары өнімділікке ие бола тұра, ол ең жеңілі — небәрі 1,27 кг, бұл 14 дюймдік ноутбук үшін тамаша көрсеткіш. Сонымен қатар, ол (Expert P әулетінің басқа модельдері сияқты) MIL-STD 810H әскери төзімділік стандартына сәйкес келеді және бір батарея қуатымен 28 сағатқа дейін жұмыс істей алады.

ExpertBook P5

Әрине, кіші модельдердегі барлық мүмкіндіктер мұнда да бар: соның ішінде ноутбуктың артқы жағынан жылу шығаратын ExpertCool салқындату жүйесі де қамтылған. Бұл модель кез келген сценарий үшін күнделікті көмекші ретінде жасалған: сан түрлі жұмыс міндеттері, жеке істер, контент көру арқылы демалу — ExpertBook P5 флагман мәртебесіне сай кез келген пайдаланушы сұранысын орындауға дайын. Бұған барлық Expert P желісі деңгейінде жүйеге ендірілген жасанды интеллект көмектеседі.

Жасанды интеллект не істей алады

Windows жүйесіне кіріктірілген Copilot көмекшісінен бөлек, барлық Expert P құрылғыларына AI ExpertMeet деп аталатын арнайы жасанды интеллект пакеті енгізілген. Ол жергілікті деңгейде жұмыс істейді, яғни деректер бұлтты серверлерге жіберілмейді. Бұл жиынтық негізінен қашықтан жұмыс істеуге бейімделген шешімдерді қамтиды.

Мысалы, бейнеқоңырау кезінде құпиялылық туралы ескерту ретінде сутаңба көрсетуге болады, ал басқа бір көмекші сөйлегендердің сөзін мәтінге айналдырып, кездесуден кейін негізгі тезистермен қысқаша қорытынды жасап береді.

Asus

Қоңырау кезінде интеллектуалды шуды басу жүйесі де өте пайдалы. Ол сіздің даусыңызды танып, оны фондық дыбыстардан ажыратады. Ал жасанды интеллектке негізделген камера қажет болған жағдайда артқы фонды ұқыпты түрде ауыстыра алады. Мұндай шешімдер бүкіл әлемге шашыраған командалар мен жиі сапарға шығатын мамандар үшін аса маңызды. Әңгімелесу жағдайлары әркез мінсіз емес, сондықтан байланыс сапасын арттыру өте өзекті.

Қорытынды

Expert P сериясы — заманауи талаптарға берілген жауап: мобильділік, көп міндетті бір уақытта орындау, жоғары өнімділік және пайдаланушыға түрлі сценарийлерде көмектесу. Әр модель өз орнын дәл табады. P500 Mini Tower тұрақты және жоғары жүктемелерге оңай шыдаса, ExpertCenter AiO P400 моноблогы кеңседе не үйде стационарлы қолдануға өте ыңғайлы. Ал ExpertBook P1/P3/P5 желісі — жиі орын ауыстыратын және мобильділік қажет болатын жағдайларда әмбебап шешім.

ExpertBook P5

Жасанды интеллект функциялары күнделікті жұмысты нақты бағыттарда жақсартып, оны әлдеқайда жайлы етеді. Әсіресе қуантатыны — AI ExpertMeet барлық құрылғыларда қолжетімді. Осылайша, пайдаланушы форм-фактор тұрғысынан шектелмейді, өзіне ең қолайлы құрылғыны еркін таңдай алады.