Жеке тәжірибе: ASUS E5 AiO 27 жұмыс істеуге қаншалықты ыңғайлы?
Алғашқы моноблоктарды ASUS компаниясы 2010-жылдардың басында шығара бастады. Олар орташа қуатты процессормен жабдықталды және ықшамды болғандықтан, кеңседе немесе үйде қолдануға ыңғайлы еді. Модельдер түрін кеңейте отырып, өндіруші нарыққа түрлі тапсырмалар мен ойын-сауыққа арнап жабдықталған эргономикалық компьютерлердің кең таңдауын ұсынды.
ASUS E5 AiO 27 – технология, қуат пен көп функционал біріккен концепцияның айқын мысалы. Digital Business Wooppay архитекторы Виталий Цойдан екі күн бойы ASUS E5 AiO 27 (A5702WVA) моноблогында жұмыс істеп, осы үлгі туралы пікір бөлісуді өтінді. Нәтижесі мынадай.
Intel Core i7 және үлкен дисплей
Ақылды дизайн, кең диагональ және сымы аз – бір қарағанда мұндай моноблок кеңсе интерьеріне үйлесімді келеді. Шолу жасалып отырған үлгінің корпусында Intel Core 5-120U процессоры жасырылған, ал, тіпті, базалық нұсқасында AI-мүмкіндіктер жиынтығы мен Dolby Atmos әсері бар ақылды аудиосистема секілді фишкасы бар.
«Моноблокты алғаш көргенде “Мәссаған, дисплейі қандай үлкен?!” дедім. Компьютердің өте жылдам жұмыс істейтіні маған бірден ұнады, жүйе санаулы секундта жүктеліп, барлық қосымшасы бірден ашылады. Сымсыз тінтуір мен пернетақтасының қораптан шығатыны – үлкен плюс. Моноблоктың HDMI, Type-C, кардридер, үш USB-ажыратқышын қоса алғанда бірнеше порты бар», – дейді Виталий.
Intel Core 5-120U 12-ядролық процессоры моноблоктың жылдамдығы мен өнімділігін қамтамасыз етеді.
«Қажетті бағдарламалармен жұмыс істеу үшін маған мықты компьютер керек.
Біріктірілген қолданба әзірлеу ортасы, дерекқорды басқару жүйесі және браузер процессор мен жедел жадтың (ЖЖ) көп ресурсын тұтынады, – дейді Виталий, – Сынақ үлгісінде 16 ГБ жедел жады орнатылған. Мұндай жады бар компьютердің өнімділігі жақсы. Қажет болса, жедел жадын 64 ГБ-қа ұлғайтуға болады».
Шағын корпусты компьютердің қуаты жоғары болғандықтан, оның салқындату жүйесі мықты болуы керек, әйтпесе моноблок қызып кетеді және баяу жұмыс істейді. Кулердің жұмысын тексеру үшін Виталий AIDA64 қосымшасының көмегімен екі сағаттық стресс-тест жүргізді.
«Сынақтың мақсаты — салқындату жүйесіне мүмкіндігінше күш түсіріп, шу деңгейі мен компьютердің қызуын тексеру. Процессордің, жедел жадының, қатты дискілер мен графикалық адаптердің жүктемесін барынша күшейткенде моноблок мүлде шу шығармады, ал температурасы соншалықты көтерілмеді. Тиісінше, жүйеге қанша жүк түссе де, компьютер тұрақты жұмыс істейді», — дейді жүйе архитекторы.
«Камерасы Mac-тан артық»
ASUS моноблогы кең түсті гаммасы (100% sRGB), жарқылға қарсы жабыны және FHD (1920 x 1080) ажыратымдылығы бар 27 дюйм дисплеймен жабдықталған. Мұндай экран фотосурет пен видео көруге де, есептер, кестелер мен презентация дайындауға да ыңғайлы.
«Моноблоктың экраны күңгірт, сондықтан оның бетіндегі кескін жарықта шағылыспайды. Сөйте тұра, экрандағы сурет солғын емес. Компьютерде әртүрлі видеороликті қосқан кезде бұған көзім жетті. Сондай-ақ кейбірінде сенсорлық экран бар екенін оқыдым. Онымен жұмыс істеу қызық болар еді. Ұнаған тұсы — экранды еңкейтуді реттеу бар, бірақ биіктікті реттеу жоқ екен. Есесіне қаласаңыз, тірегін алып тастап, мониторды кронштейнмен қабырғаға орнатуға болады», — дейді Виталий.
Шолу аясында Виталий басқа қаладағы әріптестерімен бірнеше рет конференц-колл өткізді. Онлайн қоңыраулар кезінде ол ысырмамен, микрофонмен және аудиожүйемен жабдықталған камераның жұмысын тексерді. Аудиожүйесі дыбысты күшейтетін сабвуфермен жабдықталған.
«Онлайн-конференциялар үшін экранның үлкен болғаны жақсы. Бұған көзім жетті. Кескін сапасы жағынан ASUS веб-камерасы Mac-қа қарағанда жақсырақ. Бір компьютерден қоңырау шалған кезде оған бірнеше қызметкер қатысса, көру бұрышының кең болғаны ыңғайлы», – дейді Виталий өз тәжірибесін алға тартып. – AI Motion бақылау функциясының арқасында камера спикердің қозғалысын бақылап, осылайша жиналысқа қатысушылар оның бетін анық көріп отырады. Мониторға қарап отырмасаңыз да, AI сіз камераға үздіксіз қарап отырғандай қылады. Ал, артқы фонды бұлыңғырлап қоюға болады. Микрофонға келетін болсақ, мені дыбыс сапасы мен дауысты айналадағы артық дыбыссыз жазып алу мүмкіндігінің бар болғаны қуантты. Сонымен қатар шуды азайту функциясы бар».
«Бұл бағдарламалық құрал бүкіл жүйені қалпына келтіру тетігін құра алады»
Моноблоктың конфигурациясына қарай бөлінетін ішкі функционалынан бөлек, өндіруші түрлі тапсырламаларға арналған арнайы бағдарламалық құрал жасап шығарған. Мысалы, ASUS Business Manager V3.0 администраторларға деректер, веб-сайттар мен жүйенің параметрлеріне кіруді басқаруға көмектеседі. Сондай-ақ, осы бағдарлама арқылы маңызды деректерді сақтау үшін жергілікті дискіде шифрланған виртуалды бөлім құруға, жүйені жүктеу кезінде компания логотипін қоюға, файлдарды қалпына келтірусіз жоюға және т.б. істеуге болады.
«Моноблокты шұқып отырып, оның егер пайдаланушы біраз уақытқа тұрып кетсе, компьютерді автоматты түрде құлыптайтын ASUS AdaptiveLock* функциясын байқадым. Бірақ, базалық нұсқасында оны таппадым. Келесі бір бағдарламалық құрал, ASUS Cloud Recovery, егер пайдаланушы компьютердің параметрлерін өзгертсе, бірақ кейін бұрын пайдаланылған конфигурацияға оралғысы келсе, бүкіл жүйені қалпына келтіруге мүмкіндік береді», – дейді Виталий Цой.
Моноблокты пайдаланушылар сондай-ақ бір немесе бірнеше компьютерді басқаруға мүмкіндік беретін ASUS Control Center бағдарламасын қолдана алады. Ол қашықтан басқару, BIOS параметрлерін өзгерту, жүйе көрсеткіштерін бақылау және т.б. функцияны қамтиды.
*Мультисенсоорлық экраны, Thunderbolt 4 интерфейсі, ИК-камерасы, TPM 2.0 криптопроцессоры және AdaptiveLock функциясы конфигурацияға және аймаққа байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
Моноблокты тағы қалай қолдануға болады?
HDMI арқасында моноблокты ноутбукқа қосып, екінші экран ретінде де пайдалануға болады. Дәл осылай оған мобильді құрылғыны немесе ойын консолін де қосу оңай. Бұл жағдайда компьютерді динамиктері бар сыртқы дисплей ретінде пайдалануға болады.
Моноблокты кеңседе немесе үйде ғана қолданбайды. Мысалы, оны техника, киім-кешек немесе премиум тауарлар дүкендерінде демонстрациялық экран ретінде де пайдалануға болады. Кеңесшілер түрлі затты клиенттерге кең диплейде көрсетіп, оның қоймада бар-жоғын тексере алады.
Моноблок кез келген қозғалмайтын ірі затқа байланған болат кабелі бар Кенсингтон құлпымен қорғалған. Сондықтан, оны ұрлап әкету мүмкін емес.
Қорытынды
«Меніңше, мұндай моноблок басшыларға, команда жетекшілеріне, жоба менеджерлері мен жұмысы командамен үнемі онлайн-байланысқа шығуды қажет ететін басқа да мамандарға өте қолайлы болар еді. Онымен жұмыс істеп көргендегі айтарым: мұндай компьютерге үлкен үстел керек. Үстел шағын болса, диплейі “басып тұрған” сияқты болады», – деп түйіндейді Виталий.
ASUS E5 AiO 27 үлкен экраны бар, өнімділігі жоғары моноблок іздеп жүргендерге керек құрал. Оны қабырғаға орнатып, орын үнемдеуге болады. Ал диагоналі шағын компьютер керек болса, компания ASUS AIO A5402WVAR моноблогын шығарды, оның диагоналі — 23,8 дюйм, жедел жады — 64 ГБ. Яғни, таңдау бар. Артықшылық ретінде санауға болатын тағы бір опциясы — нақты клиенттің қажеттілігіне қарай noOS немесе Windows 11-дің кез келген нұсқасы – Home немесе Pro-ны орнату.