Мықты процессор және қосымша қуатсыз 11 сағат жұмыс: топ-менеджерге арналған ноутбукте тағы не болуы керек

Ru
Жарияланған күні: 03.06.2024, 12:22
ASUS ExpertBook B9 OLED

Шолу жасау үшін редакциямызға компания басшысы мен жоғары лауазымды қызметкерлерге арналған премиум санатты сенімді құрал саналатын ASUS ExpertBook B9 OLED бизнес-класстағы ультра жеңіл ноутбугі берілді.

Ендеше, кеңседегі ноутбукке әскери стандарт бойынша тексеріс, көк түсті жарығы азайтылған экран мен қоңырау шалу индикаторы не үшін қажет екенін бірге анықтайық.

Жоғары лауазым қызметкеріне әскери стандарт бойынша сыналған ноутбук не үшін керек

Кез келген гаджетті ашып қараған кезде әуелі оның дизайнына көз түседі. Арзан үлгілердің қалай безендірілгеніне еш талап қойылмаса (жұмыс істесе, болғаны), бизнес-сегменттегі ноутбук әдемі, әрі көрнекті болуы тиіс. ASUS ExpertBook B9 OLED-те ол проблема емес: өндіруші ноутбуктің мәртебелі көрінуін әбден ойластырған. Корпусы премиум санатына сай, магний-литий қорытпасынан жасалған.

Мұндай материалдан құрастырылған ноутбук әдемі ғана емес, берік, төзімді және жеңіл болады. Салмағы небәрі 990 грамм, бұл OLED-дисплейі бар ең жеңіл ноутбуктердің бірі.  Бұған оның шағын өлшемін (311х215х157 мм) қосыңыз, сонда ASUS ExpertBook B9 OLED иелері максимал мобильділікке ие. Сондықтан, ноутбукті еш қиындықсыз іссапарға да, іскерлік кездесуге де алып жүруге мүмкіндік бар.

ASUS ExpertBook B9 OLED

ASUS ExpertBook B9 OLED ноутбугі MIL-STD 810H әскери стандарт бойынша сынақтан өткен. Сынақтар ноутбуктің діріл, экстремал температура, ылғал немесе ауа шаң болған кезде, жалпы қандай қиын жағдай болмасын, тұрақты жұмыс істейтінін көрсетті. Әрине, бұл оны шөл далада немесе Антарктидада алып жүруге болады дегенді білдірмейді: өндіруші бизнес-ноутбукті қалыпты кеңсе жағдайында барынша төзімді және сенімді жұмыс істейтініне көз жеткізу үшін әскери стандарттарға сәйкес сынайды.

Өндіріс қалдығы аз және жөндеуге жарамдылық индексі жоғары

Егер сіз қоршаған ортаға қамқорлық танытуға тырысып жүрсеңіз, ал компанияңыз экология құндылықтарды корпоративті мәдениет деңгейінде насихаттаса, онда еш ойланбастан ASUS ExpertBook B9 OLED ноутбугін сатып алуыңызға болады: бұл экологиялық тұрғыдан жауапты таңдау.

ASUS ExpertBook B9 OLED

ASUS инженерлері гаджет өндірісін барынша экологиялық таза етуге тырысты:

  • Корпус дәстүрлі фрезерлеу әдісімен емес, бүрку әдісімен (thixomolding) жасалады. Бұл материал шығынын 29%, ал  дайындау уақытын 75% қысқартуға мүмкіндік береді.
  • ASUS ноутбуктің корпусын қайта өңделген материалдардан құрастырады: корпустың металл бөліктерінің 70%-ы өңделген материал.
  • Үлгінің жөндеуге жарамдылық индексі жоғары — ондық көрсеткіштің 8.2 құрайды. Бұл қоршаған ортаға әсер ету тұрғысынан маңызды, себебі ноутбукті жөндеу оңай және ол ұзақ қызмет етеді.
  • ASUS инженерлері электр қуатын тұтынуды азайта алды: ExpertBook B9 ноутбугі EnergyStar 8 стандартына қарағанда энергияны 44% аз тұтынады.

Түс беру дәлдігі және көк түсті жарықтың бәсеңсуі

Енді ASUS ExpertBook B9 OLED ноутбугін қосайық: алдымызда 14-дюйм экран ашылады, біз ажырату қабілеттілігі 2,8K (2880×1800) және DCI-P3 түс ауқымын 100%  қамтитын OLED дисплейінің суретін көре аламыз. Сондай-ақ, оның түс беру дәлдігі жоғары, мұны Pantone сертификаты растайды.

ASUS ExpertBook B9 OLED

Экран жарығы 400 кд/м² дейін жетеді, сондықтан тіпті тым жарық кезде экран жақсы көрінеді. Жоғары контраст (1 000 000:1) және жауап беру уақыты өте төмен болуынан (0,2 мс) кескіндер анық және толық, ал қара түс қою және қанық көрінеді. Контрастылы контентпен жұмыс істегенде бұл маңызды. Мұндай сападағы дисплей әдетте дизайнерлер, фотографтар және бейнередакторлар үшін аса маңызды. Дегенмен, басшылар үшін де, мысалы, маркетинг бөлімі дайындаған жаңа жарнамалық макеттерді қарау үшін артық болмайды.

Дисплей өлшемінің арақатынасы 16:10, яғни экраны кең, құжаттармен, электронды кестелермен және презентациялармен жұмыс істеуге ыңғайлы. Экранның айналасындағы жақтаулары жұқа,  еш алаңдатпайды, жұмысқа толық енуге мүмкіндік береді.

ExpertBook B9 OLED дисплейі әдеттегі сұйық кристалды дисплейлермен салыстырғанда көк түсті жарықты 70% кем (TUV Rheinland Low Blue Light және SGS сертификаттарымен расталған) таратады. Бұл ноутбук экраны алдында көп жұмыс істеп отыратын мамандардың көзі үшін маңызды параметр.

Үздік процессор және шаңын қағу

ASUS ExpertBook B9 OLED ішінде не бар? Қолымызда өз санатындағы ең мықты және өнімді ноутбуктардың бірі. ASUS-ке он ядролы (2 жоғары өнімді және 8 энергия үнемді) Core i7-1365U процессоры орнатылған. Бұл пайдаланушыға тапсырмасы көп операцияларды орындауға, ресурстарды көп қажет ететін қолданбалармен жұмыс істеуге және деректердің үлкен көлемін өңдеуге мүмкіндік береді.

ASUS ExpertBook B9 OLED графикасы да өз орнында: Iris Xe бейне картасы күнделікті тапсырмаларға, соның ішінде жоғары сапалы бейнелерді қарауға, графикамен жұмыс істеуге, тіпті қалыпты параметрлі ойындар ойнауға әбден жетеді.

Маңызды параметрлерден тағы нені атап өтуге болады:

  • Ноутбук 64 ГБ дейінгі жоғары жылдамдықты LPDDR5X-7500 жедел жадыны көтереді, бұл қолданбаларды жылдам жүктеуге және бірнеше ресурсты қажет ететін тапсырмаларды кідіріссіз орындауға мүмкіндік береді. Үлкен файлдармен және күрделі бағдарламалармен жұмыс істейтін мамандар үшін маңызды.
  • Көлемі 2 ТБ болатын PCIe 3.0 x4 жедел жады деректерді жылдам оқиды және тез көшіріп береді.
  • Екі желдеткіші және шаң қағу функциясы бар интеллектуалды салқындату жүйесі тіпті ең жоғары жүктеме кезінде де ноутбуктің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ол шу деңгейін төмендетеді, бұл іскерлік қоңыраулар немесе кездесулер кезінде өте маңызды.

Жалпы алғанда, ASUS ExpertBook B9 OLED жұқа және жеңіл ноутбуктарға арналған Intel Evo стандартына сай. Тез қосылып, ұзақ жұмыс істей алады және өнімділігі жоғары.  Талапшыл бизнес-қолданушылар үшін керегі осы сияқты.

Пернетақтаға төгілген судың зияны жоқ

ASUS ExpertBook B9 OLED-те шағын мәтін теріп көрейік: клавиштері нық әрі жағымды басылады. Бұдан бөлек, пернетақтасы жанады, бұл кешқұрым кеңседе отырып жұмыс істеуге ыңғайлы.

Пернетақта суға төзімді: өндірушінің айтуынша, ол 60 мл дейін төгілген суға шыдамды.

Қолдануға ыңғайлы болсын деп ASUS ExpertBook B9 OLED-тің сенсор тақтасы кеңейтілді. Оның дәлдігі мен ыңғайлығына сөз жоқ, сондықтан оны тінтуірсіз де пайдалануға болады. Бұған қоса, сенсор тақтасы оны толыққанды сандық пернетақтаға айналдыратын NumberPad-ты қолдайды. Сандармен және кестелермен көп жұмыс істейтіндерге ұнайтыны сөзсіз.

ASUS ExpertBook B9 OLED

Үш мониторға қатар қосылу және USB қуаты

Ақпаратты жылдам тарату, гаджетті проекторға немесе қосымша мониторға қосу және т.б. жасау үшін бизнес-ноутбукте әртүрлі порттар мен қосқыштардың көп болуы маңызды:

ASUS ExpertBook B9 OLED-те не бар екенін көрейік:

  • Деректерді жіберу жылдамдығы 40 Гбит/с дейін және DisplayPort пен Power Delivery-ді қолдайтын екі USB-C Thunderbolt 4 порты бар. Яғни, бұл порттар арқылы сыртқы мониторды қосуға немесе құрылғы қуаттауға болады, бұл әсіресе мобильді мамандарға ыңғайлы.
  • Толық өлшемді HDMI 2.1 қосқышы, ол арқылы кескіндерді ажырату қабілеті 4K проекторға, сыртқы мониторға немесе теледидарға шығаруға болады. Жалпы алғанда, ноутбукке бір мезетте үш 4K дисплейін қосуға мүмкіндік бар.
  • Ескі құрылғылар және перифериямен үйлесуі үшін қосымша USB-A 3.2 және USB-A 2.0 порттары қарастырылған.
  • Сымды желіге тұрақты және жылдам қосылу үшін LAN қосқышы (RJ45), бұл әсіресе Wi-Fi сенімсіз болған жағдайда пайдалы.
  • Мобильді құрылғы мен камерадан деректерді жылдам тасымалдауға арналған microSD картасы ұясы.

Шуды фильтрлеу және параноиктерге арналған ысырма

Қазір әр басшы зум арқылы кездесу көп өткізеді, сондықтан корпоративті ноутбукті таңдар кезде міндетті түрде кіріктірілген микрофон мен камераға мән беру керек. Біздің гаджетте ASUS AI Noise-Canceling шуды болдырмау жүйесі бар. Технология айналадағы шуды сүзу үшін жасанды интелекті пайдаланады, сондықтан тіпті тым шулы ортада дауыс анық естіледі. Ал қашықтан сезетін екі микрофонның арқасында дауыс таза және түсінікті болады. Онлайн іскерлік келіссөздер мен презентациялар үшін бұл таптырмас нәрсе.

ASUS ExpertBook B9 OLED құрылғысында ажырату қабілетті1080p кіріктірілген ИК-камерасы бар, ол зуммен сөйлесу кезінде бейнені анық көрсетеді. Камера қауіпсіз биометриялық аутентификация жасау үшін Windows Hello жүйесін қолдайды және құпиялылықты қорғаудың бағдарламалық құрал әдістеріне сенбейтіндер үшін механикалық ысырмамен жабдықталған.

ASUS ExpertBook B9 OLED

Тағы бір пайдалы фишкасы — пайдаланушы мәртебесі индикаторы. Ноутбуктің қақпағында конференц-қоңыраулар кезінде қызыл болып жанатын жарық диоды бар. Осылайша әріптестеріңіз сіздің біреумен сөйлесіп отырғаныңызды және дәл қазір кедергі келтіруге болмайтынын түсінеді.

Автономия және 145 минут ішінде зарядтау

ASUS ExpertBook B9 OLED құрылғысында сыйымдылығы 63 Вт сағат аккумулятор бар, сондықтан ноутбук 11 сағат зарядсыз жұмыс істей береді. Іссапарлар мен ұзақ рейстерде тоқ көзін іздеп жүрмейсіз.  Ноутбукты күні бойы зарядтамай жұмыс істеу мүмкіндігі қазіргі заманғы менеджер үшін ыңғайлы ғана емес, бірінші кезектегі қажеттілік.

Бұған қоса, небәрі 36 минут ішінде аккумуляторды 50% қуаттауға мүмкіндік беретін жылдам зарядтау функциясы бар. Ал, 145 минутта ноутбук толық зарядталады.

 

Әлсіз Wi-Fi-ді оңтайландыру және өнімділік деңгейін таңдау

ASUS ExpertBook B9 OLED-тің функционалдығы мен оны пайдалану меншікті бағдарламалық құрал арқылы жақсартылған. Негізгі MyASUS не істей алады:

  • Жүйе диагностикасы, проблеманы тез анықтау және жою.
  • Желдеткіштің жұмыс режимі мен өнімділікті басқару. Пайдаланушылар үш режимнің бірін таңдай алады, олар: дыбыссыз Whisper, теңдестірілген Standard және ең қуатты
  • Сурет пен бейненің сапасын жақсарту. Splendid режимі экран параметрлерін пайдаланудың түрлі сценарийлеріне қарай оңтайландырып, қанық, дәлірек түстер ұсынады. Tru2Life Video бейне сапасын жақсартып, суретті анық және жарқын етеді.
  • Link to MyASUS функциясы файлдар мен қолданбаларға оңай қол жеткізу үшін ноутбукты мобильді құрылғылармен синхрондауға мүмкіндік береді.
  • Әлсіз Wi-Fi сигналын оңтайландыру.
  • Батареяның шамадан тыс зарядталуын болдырмау және оның қызмет ету мерзімін ұзарту үшін қауіпсіз зарядтау.

Сонымен қатар, MyASUS бағдарламасын корпоративті қауіпсіздік және әкімшілік басқару жүйелерімен біріктіруге болады, ірі компаниялардағы желі әкімшілері оның бағасын біледі.

Саусақ ізі және криптопроцессор

Қауіпсіздік жөнінде бірер сөз. Киберқауіпсіздік және ақпараттың құпиялылығы бизнес ноутбуктері үшін маңызды болғандықтан, ASUS компаниясы ExpertBook B9 OLED-ке көптеген пайдалы мүмкіндікті енгізді.

Мысалы, Intel vPro платформасы деректерді қауіпсіз сақтауға және компанияның құрылғылар паркін қашықтан басқаруды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. TPM 2.0 (Trusted Platform Module) криптопроцессоры аппараттық шифрлау және шифрлау кілттерін сақтау үшін пайдаланылады, саусақ ізі сканері және NFC құлпын ашу жүйеге кіру процесін қарапайым және қауіпсіз етеді.

Гаджетті ұрлаудан қорғайтын Kensington Nano құлпы бар, ал BIOS және SSD жүйесіндегі құпия сөздер деректерді сақтауды жүйе мен жинақтаушы жады деңгейінде қауіпсіз етеді. Осылайша, ноутбукті қолында ұстап тұрса да, қаскүнемдер деректерді аша алмайды.

Түйін: егер бизнес-гаджет қажет болса, алуға болады

Қорытындылайық. ASUS ExpertBook B9 OLED таң қалдырды: ноутбук бизнес-гаджетке қатысты барлық сұранысты қанағаттандыра алады. Оның әдемі дизайны, жоғары техникалық сипаттамасы және қауіпсіздіктің озық құралы жұмыс істеу үшін жоғары деңгейлі құрал іздеп жүргендерге ұсынуға болатын тамаша таңдау.

ASUS ExpertBook B9 OLED

Өндірушімен келісеміз, ASUS ExpertBook B9 OLED  сенімділікті, жоғары өнімділікті және мобильділікті қажет ететін компания басшылары, топ-менеджерлер және басқа бизнес-профессионалдар үшін пайдаға жарамды.

Ноутбук жұмыс бөлмеңізге де жараса кетеді және ұзақ іссапарлар, іскерлік кездесулер мен бейне конференциялар кезінде де көмегін тигізеді.

Қазақстандағы ASUS Business

ASUS сонымен қатар бизнес-клиенттерге болашаққа қадам басуға көмектесетін қосымша шешімдердің кең ауқымын ұсынады.

ASUS ExpertBook B9 OLED

Басты артықшылықтары:

  • Ноутбуктер тұтынушы нарығындағы жетекші орын
  • B2B бағытында жылдам өсіп жатқан бренд
  • Кәсіби команда және шұғыл реакция
  • Жобалық мәмілелер мен SMB сұранысын қолдау
  • Жоғары сұранысқа ие үлгілердің дистрибьюторларда болуы және арнайы конфигурацияларға тапсырыс беру мүмкіндігі

Сервистік орталықтар желісі