Авиата нені мақтан тұтады: Ынғайлы билет қайтару, іс-шара турлары мен Жана жылға арналған құттықтау хаттары

Жарияланған күні: 30.01.2024, 12:19

Aviata.kz қаңтар айында дәстүр бойынша жылды қорытындылайды. Билеттің көп сатылғаны сонша, жолаушылар 8100 Boeing 737 ұшағын және тағы 100 000 пойыз вагонын толтырар еді. Ал басты жетістік қызмет көрсету саласына қатысты, дейді компаниядағылар. Біз 2023 жылдың ең қызық жаңалықтары туралы айтып береміз.

Әуе саяхаты: ақшаны автоматты түрде қайтару, визалар, адалдық бағдарламасы

Қазақстан үшін билет ауыстыру және қайтарудың бірегей жүйесін іске қосты

Aviata.kz процесті 2022 жылы автоматтандырды. Енді жолаушыларға қолдау қызметіне жүгінудің қажеті жоқ: өтініш беру үшін жеке кабинеттегі тетікті басса жеткілікті, компания қызметкері хабарласып, басқа нұсқаны ұсынады.

Жақын күндегі билетке ауыстыру нұсқалары әдеттегі билет іздеу кезіндегідей көрініп тұрады. Билетті қайтару кезінде де жүйе қолжетімді билеттері бар басқа күндерді ұсынады.

Қазір билет ауыстыру мен қайтарудың 73%-ы автоматты түрде бірнеше минутта жүзеге асырылады. Қалған 27%-ын қолдау қызметі қолмен өңдейді, олар сондай-ақ тәулік бойы жолаушыларға кез келген мәселе бойынша көмектеседі және кеңес береді. Бір жыл ішінде aviata.kz мамандары 2,5 млн өтінішті қабылдап, өңдеген.

Қолдау қызметі қоңыраудың 95%-ына бірден жауап береді. Жеке кабинет арқылы түсетін өтініш саны көбейді. Қосымшаның чатына хат жазып, кеңес берушімен ыңғайлы уақытта сөйлесуге болады.

Aviata.kz Авиата

Виза жөнінде кеңес бере бастады

Aviata.kz мамандары виза қажет пе, қандай құжат жинау керек, оны қайда жіберу керек, қанша уақыт алады және құны қанша екенін айтып бере алады.

Бастапқыда бұл қызмет aviata.kz арқылы билет алғандарға ғана көрсетілетін. Қазір кез келген адам кеңес ала алады.

Адалдық бағдарламасын құрды

Aviata.kz көмегімен орындалған әр сапар үшін бонустар есептеледі, оны кейін әуе билетін және қосымша қызметтер сатып алуға жұмсауға болады.

Адалдық бағдарламасының бірнеше деңгейі бар. Жолаушы неғұрлым жиі билет сатып алса, соғұрлым көп артықшылыққа ие болады. Бірінші деңгейде жабық ұтыс ойындарына қатысып, акциялар туралы бәрінен бұрын білуге, сондай-ақ онлайн-тіркеуден тегін өтуге болады.

Соңғы деңгейде ұшақта орын таңдау, визалық қолдау және ақшаны қайтару кепілдігі, қолдау тобының бірінші кезекте қызмет көрсетуі сияқты қосымша қызметтерге жеңілдіктер бар.

Болашақта сақтандыру, әуежайға апару, қонақ үй жеңілдігі, кедендік бақылаудан тез өткізу қызметтері қосылады.

Пойыз сапары: билет ауыстыру, ішінара төлем және күту парағы

Билет ауыстыру процесі жетілдірілді

Aviata.kz бұл қызметті іске қоспас бұрын жағдай былай еді: пойыз билетін ауыстыруға болмайды, тек қайтарып, жаңасын сатып ала аласыз. Қолайсыз еді, ақша бірден қайтарылмайды. Ақшаны күтіп отырғанда билеттер бітіп қалуы мүмкін. Әрине, күтпеуге де болады, бірақ олай болса, жаңа билет сатып алу үшін тағы ақы төлеу керек.

Aviata.kz бұл мәселені шешті. Билет ауыстыру кезінде жаңа дата мен пойызды таңдап, бағытты немесе жолаушылардың аты-жөнін өзгертуге болады. Тек қажет болса, билет құнының айырмасын өтеу керек.

Ақшаны қайтару кепілдігі қызметін қосты

Сапардан бас тартқан жағдайда билет құнының 100%-ын қайтаруға болады. Пойыздың кетуіне бір сағат қалса да, қайтарылады. Бұл вокзал кассасына барып, ақшаны қайтару туралы өтініш жазғаннан әлдеқайда ыңғайлы және тез. Қызметтің комиссиясы — 10%.

Күту парағына және сатылымның басталуына жазылу қызметін ойлап тапты

Сатылымның басталуына жазылу әсіресе, мереке күндеріндегі билетті уақытында сатып алуға көмектеседі. Күту парағы өзге жолаушы қайтарған билетті тез броньдауға мүмкіндік береді.

Ішінара төлем жасау қызметін қосты

Билет құнының 10%-ын төлеп, қалған соманы кетерден бір күн бұрын өтеуге болады.

Турлар: Жапониядағы сакураның гүлдеуі немесе Бразилиядағы карнавал

Турлар сатылымын ашты

Мысыр, БАӘ, Таиланд, Вьетнам, Түркия секілді барлық танымал курорт бағыттары бойынша “пакет” саяхаттар қолжетімді.

Мазмұнды турлар сата бастады

Тек турдың мазмұнын таңдап, құнын төлеу керек, қалғанын Aviata.kz істейді: әуе билеті мен шара билетін сатып алады, қонақ үйді броньдайды, экскурсия мен көлік тасымалын ұйымдастырады.

Қазақстандықтар арасында Жапониядағы сакураның гүлдеуі, Бразилиядағы карнавал, Эвересттің басты лагеріне треккинг, музыкалық топтардың концерттері мен спорттық матчтар сұранысқа ие.

Әлеуметтік жобалар: тілашар мен құттықтаулар

Әуежайларда 21 мың тегін тілашар кітапшасын таратты

Үш тілде тілашар кітапшасын құрап шығардық. Қазақстан қалаларына келген қонақтар кітапшадан қайда баруды, қалай жол сұрауды, такси шақыруды, мейрамханада тапсырыс беруді үйренді. 21 мыңнан астам кітапша тараттық. 2 мыңнан астам адам оның онлайн-нұсқасын жүктеп алды.

Aviata.kz Авиата

Туыстар мен достарды Жаңа жылмен ерекше құттықтауға көмектесті

Жаңа жылға бірнеше апта қалғанда Aviata.kz Қазақстан картасы бар сайтты іске қосты. Ниет еткен жандар басқа қалада тұратын жақындарына құттықтау хат жолдай алды. Қазақстандықтар сайтта 6,5 мың құттықтау-тілек қалдырды. Бірқатары көше билбордтарында көрсетілді.